Fake News

Фейк: «Адамдар санитарлық өңдеу деп люизитпен улайды»

Танымал Telegram арналарының бірінде тараған видео авторы COVID-19 вирустық ауру емес, люизитпен улану деп мәлімдейді. Улы затты санитарлық тазарту түрінде қоғамдық орындарда шашады екен. Бұл жалған.

Люизит – бұл теріге әсер ететін улы зат. Ол таза күйде қазтамақтың иісіне ұқсайтын өткір иісі бар түссіз сұйықтық болып табылады.
Люизит алғаш рет 1918 жылы Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде пайдалану үшін ойлап табылған, бірақ ол соғыс қимылдарында қолданылмаған. Люизит әскериден басқа мақсатта пайдаланылмайды.
Люизитпен улану белгілері затпен байланысқаннан кейін бірден байқалады. Бірнеше секундтан кейін қызару пайда болады, ал бірнеше сағаттан кейін ірің шығады. Люизитпен уланған адамның көзі қызарып, мұрнынан қан кетеді, жөтел, түшкіру, ентігу басталуы мүмкін. Диарея, жүрек айну, қан қысымының төмендеуі де люизитпен улануға тән белгілер. Бұл жағдайда оған қарсы антидот бар.
Демек, люизитпен улану белгілері COVID-19 белгілерінен айтарлықтай ерекшеленеді. Бұл ауруды жұқтырған адамдарда тері қабынуы мен ірің болмайды, көздің шырышты қабаттары тітіркенбейді, қан қысымы төмендемейді.
Улы затты санитарлық өңдеу түрінде шашады деп айтуға негіз жоқ. Люизиттің микробқа қарсы және дезинфекциялық қасиеттері жоқ. Ол санитарлық өңдеуге рұқсат етілген химикаттар тізбесіне кірмейді.
Бұған дейін Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстанда қоғамдық орындарда дезинфекция жүргізу үшін денсаулыққа қауіпті немесе уытты ерітінділердің пайдаланылмайтынын хабарлаған болатын.

Фейк: «Автобустарды санитарлық өңдеу өмірге қауіпті»

Демек, адамдарды санитарлық өңдеу деп химиялық заттармен қасақана улайтыны туралы теория фейкболып табылады. Бұған дәлел жоқ және люизитпен улану белгілері COVID-19 белгілерінен айтарлықтай ерекшеленеді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button