Fake News

Фейк: «COVID-19-ға қарсы егілген адамдар тауарға айналады»

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде COVID-19 қарсы вакцина егудің орнына енгізілген чип бойынша штрих-кодты сканерлеу көрсетілген бейнеролик таратылуда. Видеода нақты не көрсетілгенін және оның COVID-19 қарсы вакциналарда чиптер бар екенін және егілген адамдар тауарға айналатынын неге дәлелдемейтінін түсіндірейік.

Шын мәнінде, қазақстандықтар таратып жатқан видео интернетте өткен жылдың күзінде пайда болды. Оны украин фактчекерлері жоққа шығарды. Олар роликте экранда көрсетілген штрих-код тек Желіден жүктеуге болатын сурет қана екенін көрсетті. Онымен интерьерлік постерге тапсырыс беруге де болады.

Штрих-код көрінген терезенің өзі – штрих-кодты оқу бағдарламасының терезесі емес, кейбір iPhone модельдерінде қол жетімді AirDrop қызметінің интерфейсі.

Бұл қызмет жақын орналасқан Apple құрылғыларына бір-бірімен файлдармен бөлісуге мүмкіндік береді. 

Осылайша, видеода вакцинацияланған адамға берілген штрих-код оқылмайды, тек интернеттен жүктелген суретті видеоға көрсетілген бір құрылғыдан, кадрдан тыс тұрған екіншісіне беру барысы түсірілген.

Шын мәнінде, COVID-19 қарсы вакциналарда чиптер немесе басқа құрылғылар жоқ. Бұған ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің ресми сайтында дәрі-дәрмектің құрамымен танысу арқылы көз жеткізуге болады.

Демек, Желіде таралған егілген адамдар тұтынатын тауарға айналатыны туралы ақпарат фейк.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button