Fake News

Фейк: «ДЭФ Күнді бұғаттауды жоспарлап отыр»

Танымал қазақстандық Telegram-чаттарда Дүниежүзілік экономикалық форумның күн сәулесін бұғаттауды жоспарлап отырғаны туралы ақпарат тарады. Кейбір пайдаланушылар мұндай бастама жерді өмір сүру үшін жарамсыз етеді деп алаңдауда. Бұл жалған.

Дүниежүзілік экономикалық форумның сайтында бұл жоба туралы жазылғаны рас. Онда жарияланған бейнероликте жобаның мәні түсіндірілген. Ол әуе шарларынан көлемі Бразилиямен бірдей перде жасауға негізделген. Құрылымның рөлі – күн сәулесінің бір бөлігін ғарышқа қайтару.
Бұл идеяның авторлары ДЭФ өкілдері емес, көп салалы топқа енген Массачусетс технологиялық университетінің (MIT) ғалымдары. Олардың міндеті – жаһандық жылыну мәселесін шешудің жолын табу. Олардың пікірінше, жаһандық климаттың өзгеру процестерін нөлге тең ету үшін Жерге түсетін күн сәулесінің 1.8%-ын шағылыстыру керек. 
Ғалымдардың жобасы бойынша шар пердені Лагранж нүктесіне қою керек. Ол Күн мен Жердің арасында орналасқан, мұнда олардың гравитациялық күштері центрифугалық күшпен теңеследі. Яғни, онда орналасқан кішкентай дене Жерге де, Күнге де тартылмайды, олардың арасында «қатып қалады».
Қазіргі уақытта мұндай ауқымды жобаны жүзеге асырудың мүмкіндігі мен қисындылығы әлі де бағалануда. Жабдықты салу және шарларды ғарышқа ұшыру туралы шешім қабылданған жоқ. ДЭФ өзінің видеосында жобаға қатысты ұстанымын айтпайды, тек ол жайлы көрермендерді хабардар етеді.

Мұның бәрі Күнді бұғаттау туралы мәлімдемелер асыра сілтеу екенін көрсетеді. Бұл ретте жаһандық жылынудың алдын алу үшін Жерге түсетін күн сәулесінің 1.8%-ын шағылыстыру жайлы айтылып отыр. Жоба авторлары ДЭФ өкілдері емес, MIT ғалымдары. Жобаның өзі әлі іске асырылмаған және ол іске асырыла ма, жоқ па, белгісіз.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button