Fake News

Жалған: «Канадада психологиялық ауруы бар бала ата-анасының келісімінсіз эвтаназия жасатуға құқылы»

Telegram-да Канадада жасөспірімдер эвтаназиясын заңдастыру ұсынылғаны туралы ақпарат тарады. 12 жастан бастап бала ата-анасының келісімінсіз «өлуге медициналық көмек алу» туралы шешім қабылдай алады. Сондай-ақ хабарламада 2023 жылдан бастап Қылмыстық кодекстің C-7 заң жобасына сәйкес эвтаназия жасатуға тек ауыр науқастар ғана емес, сонымен қатар психикалық аурулары бар науқастар да құқылы екендігі сипатталған.

Әлеуметтік желі қолданушылары импульсивті өтпелі жас пен депрессияға байланысты дені сау балалар өлуі мүмкін деп алаңдауда.

Шын мәнінде, жасөспірімдер эвтаназиясы және психикалық ауруға байланысты «өлуге медициналық көмек алу» туралы ақпарат жалған. Төменде Қылмыстық кодекстің C-7 заң жобасының мәні неде екенін талдап шығайық.

Канадада эвтаназия 2016 жылы заңдастырылды. 2019 жылы заңға өзгерістер енгізілді, ал 2020-2021 жылдары өлім аузында жатқан адамдарға медициналық көмек көрсетуді реттейтін жаңа C-7 заң жобасы қабылданды. Ел заңнамасына сәйкес эвтаназия құқығы тек 18 жасқа толған және одан асқан адамға ғана беріледі. Тиісінше, бұл ретте ата-ананың келісімі немесе рұқсаты талап етілмейді, өйткені ол адам кәмелетке толған.

Дегенмен, Канадада 4 жасар баланың анасы ауыр ауруға шалдыққан ұлына эвтаназия жасау құқығын сұраған жағдай болды. Алайда, бұл өтініш мақұлданбады.

Қазіргі уақытта кәмелетке толмағандарға эвтаназияға, оның үстіне оны ата-анасының келісімінсіз жасатуға рұқсат беретін жаңа заң жобасы немесе C-7 енгізілетін түзетулер қаралып жоқ, әсіресе. Осылайша, Канадада жасөспірімдер эвтаназиясын заңдастыру жоспарланып отырғаны туралы нақты деректер жоқ.

Сонымен қатар қолданыстағы заңнамаға сәйкес, психикалық ауру «жалғыз негізгі ауру ретінде» ешкімге эвтаназияға құқық бермейді. Бұл жағдайда психикалық ауытқуы бар адамның қаншалықты ойластырылған шешім қабылдай алатындығын анықтау өте қиын.

Заңда дәрігерлер эвтаназия жасатудың жұрыстығын белгілейтін критерийлер көрсетілген. Оларға мыналар жатады:

– ауыр және емделмейтін аурудың, аурудың немесе мүгедектіктің болуы;

– іс-әрекетке қабілеттіліктің қайтымсыз төмендеуі;

– аурумен байланысты физикалық және психологиялық азапты бастан кешіру;

– табиғи өлімді болжауға болады.

Осы критерийлер бойынша екі тәуелсіз сарапшы бірлесіп рұқсат бере алады. Факторлардың бірі талаптарға сай келмеген жағдайда эвтаназия құқығы мақұлданбайды.

Демек, таралған ақпарат жалған болып табылады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button