Фейк: «Илон Масктың спутниктері әлемде интернетті нашарлатты»
Әлеуметтік желілерде Илона Масктің Starlink компаниясының спутниктері ұшырылғаннан кейін «әлемдегі интернет нашарлады» деп жазылды. Кейбір адамдардың пікірінше, бұл әдейі жасалған. Бұл жалған.
Әлемде интернетке қосылу нашарлады деген пікір объективті шындыққа қайшы келеді. Өйткені, қосылу жылдамдығы жыл сайын артып келеді. Мысалы, өткен жылы бұл көрсеткіш мобильді интернет үшін 59,5%-ға және стационарлық интернет үшін 31,9%-ға ұлғайды.
Интернеттің даму тарихы да бұл салада деградация жоқ екенін дәлелдейді. Керісінше, 2020 жылдан бастап қосылу жылдамдығы артып, қамту аймағы ұлғайып келеді.
Соңғы жылдары Желіге қосылу әлдеқайда жақсы болғанын күнделікті өмірде байқауға болады. Мысалы, бейнесі аса сапалы және тұрақты түрде қосылатын бейне қоңыраулар, ағынды видеоларды көру және т.б. 10 жыл бұрын мүмкін емес еді. Нәтижесінде, қазіргі кезде Netflix, Hulu, Apple TV, Spotify және басқалары сияқты көптеген ақылы ағынды платформалар пайда болды, олардың жұмысы Интернетке жоғары жылдамдықпен қосылудың арқасында қамтамасыз етіледі.
Илон Масктің Starlink спутниктік интернетті іске қосу жобасы бүгінгі таңда тек Солтүстік Америкада, Батыс Еуропада және Австралияның бір бөлігінде ғана Желіге қосылуды қамтамасыз етеді. Басқа елдерде, соның ішінде Қазақстанда, мұны 2023 жылы ғана жүзеге асыру жоспарланған.
Starlink спутниктік интернетті пайдалана ма, жоқ па, оны қолданушылардың өздері шешеді. Компания спутниктерінің көмегімен Желіге қосылғысы келетіндерге Starlink сайтында тапсырыс беріп, антенна мен жабдық сатып алу қажет болады.
Демек, Илон Масктың жобасы әлемде интернетті нашарлатты деген пікірлер негізсіз және фактілерге қайшы келеді.