«Қыркүйек-қазанда карантин енгізіледі – фейк»: Денсаулық сақтау министрлігі қауесеттерге сенбеуге шақырады
Денсаулық сақтау министрлігі 20 қыркүйек пен 15 қазаннан кейін Қазақстанда қатаң карантин енгізілетіні туралы қауесетке қатысты түсінік берді. Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев карантиндік шараларды күшейті жоспарланып отырмағанын ресми түрде хабарлады.
«Бұл фейк ақпарат, қазақстандықтарды расталмаған ақпаратты таратпауға және оған сенбеуге үндеймін. Егер ондай шаралар қабылданатын болса, біз хабарлаймыз», – деді Ержан Байтанаев қыркүйек айының соңында және қазан айында қатаң карантиндік шаралар енгізіле ме деген сұраққа жауап бере отырып.
Сонымен қатар, ол елімізде, керісінше, біртіндеп карантин жеңілдетіліп жатқанын атап өтті.«Мұның барлығы фейк. Мұндай ақпаратты таратушыларды анықтаймыз, полицияға арыз жазамыз. Еліміздегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты, бірақ бас санитарлық дәрігердің барлық талаптарын сақтау керек», – деді Ержан Байтанаев.