Фейк: «Микротолқынды пештер тағамның құрылымын бұзады және қатерлі ісік ауруын тудырады»
Танымал қазақстандық Telegram-арнада микротолқынды пеште қыздырылған тағамның пайдасы жоқ, тіпті қауіпті екендігі туралы ақпарат тарады. Хабарламаға сәйкес, ке йбір тағамдар қатерлі ісік, ас қорыту проблемаларын тудыруы мүмкін және дәрумендердің ағзаға сіңуіне жол бермейді. Мұның барлығы – фейк.
Бұл ескі хабарлама, онда түрлі терминдер көп қолданылғанына қарамастан, бұл ғылыми мақаладан алынған үзінді емес. Оны 2017 жылғы форумдар мен әлеуметтік желілердегі жазбалардан табуға болады. Мәтіннің өзі толығымен ағылшын тілінен аударылған және біршама өзгертілген. Мысалы, орыс тіліндегі нұсқада КСРО-да микротолқынды пештерге тыйым салынған, ол тек 1990 жылы ғана алынып тасталды деелінген. Бұл өтірік. Шын мәнінде, Кеңес Одағында микротолқынды пештерге тыйым салынбаған – олар өндіріліп, сатылды, бірақ қазіргі кездегідей көп емес. Мәселе мынада, ол кезде микротолқынды пештер өте қымбат болды және сәнді зат болып саналды. Сондықтан, бәрі оған бәрінің бірдей қолы жете бермеген. Сұраныс та өте төмен болды. Алайда, 1970-1980 жылдары Кеңес Одағында микротолқынды пештер шығарылды. Ең танымал модельдер «Электроника», «Волжанка», «Плутон», «Мрия», «Мила» және т.б.
Микротолқынды пештер тағамның молекулалық құрылымын өзгертеді деген теориялар қорқынышты. Алайда, тағамның молекулалық құрылымы ас әзірлеудің пісіру, қуыру, бұқтыру немесе пісіру сияқты кез келген түрі өзгертеді. Қыздыру тағам ішінде бірқатар реакциялар тудырады, бірақ олардың көбі біздің қалауымызбен жасалады және тамақ дайындаудың түпкі мақсаты болып табылады.
Қыздырылған немесе микротолқынды пеште дайындалған тағамның дәрумендер мен басқа да пайдалы заттардан айырылатындығы миф және манипуляция. Шын мәнінде, қоректік заттардың бір бөлігі кез келген термиялық өңдеу кезінде жоғалады. 2009 жылы ғалымдар жүргізген тәжірибе аясында көкөністердің 20 түрі әртүрлі тәсілдермен дайындалды және олардың құрамындағы пайдалы элементтердің қанша пайызы пісіру кезінде жоғалғаны бағаланды. Бұл тәжірибенің нәтижелері көкөністің көмештеу кезінде ең аз, ал суға пісірген кезде көп дәрумендер жоғалтатынын көрсетті. Микротолқынды пеште дайындалған көкөністер пеште пісірген кездегідей пайдалы элементтерді жоғалтқан.
1982 жылы жүргізілген тағы бір зерттеу микротолқынды пеште дайындалған тамақтың тағамдық құндылығы айтарлықтай төмендемейтінін дәлелдейді.
Микротолқынды пеште піскен тамақты тұтыну қатерлі ісік ауруын тудырады деген теориялар жалған. Осы тақырыпта жүргізілген зерттеулер бар, олардың нәтижелері ғылыми журналдарда жарияланды. Ғалымдардың пікірінше, микротолқынды пештер мен онкологиялық ауруларды қолдану арасында ешқандай байланыс жоқ.
Микротолқынды пеште піскен тамақтан болатын асқазан-ішек жолдары проблемаларына келетін болсақ, мұны шын деп санауға негіз жоқ. Микротолқынды пештердің қуаты жоғары болғандықтан тамақтың тез дайындалатынын ескерген жөн. Алайда, кейде адамдар уақыт үнемдеу үшін тамақты тез дайындауға тырысатындықтан ол жартылай ылғалды немесе шикі болады, ал оны жеу диарея немесе жүрек айнуын тудыруы мүмкін. Алайда, бұған микротолқынды пештерді кінәлаған дұрыс емес, егер сол тамақ пеште немесе ашық отта дайындалып, шикі болса, онда оны қолдану ас қорыту жолында проблемалар тудыруы ықтимал.
Таралған хабарламада сенімді болуы үшін күрделі ғылыми терминдер көп қолданылған. Бірақ олардың көбі орынсыз немесе дұрыс емес. Мысалы, «белсенді ақуыздың биомолекулалық қосылыстарын тұрақсыздандыру» және ақуыздың денатурациясы екеуі бірдй. Бұл ақуыз макромолекуласының құрылымы өзгеретін күрделі процесс. Ол ас әзірлеудің кез келген түрінде жүзеге асады, сондай-ақ асқазанда, ақуызы бар тағамдарды қорыту кезінде жүреді. Микротолқынды пешке салынбаған тағамда ондай процесс болмайды деген сөз өтірік.
Микротолқынды пештің тағамды қалай жылытатынын Желідегі роликтерден, мақалалар мен кітаптардан білуге болады. Бұл процесте құпия немесе жұмбақ ештеңе жоқ. Жай тілмен айтқанда, микротолқындар өнімнің ішіндегі ылғалды қозғалтады. Ылғал бөлшектері соқтығысып, жылу пайда болады.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, микротолқынды пештердің зияны туралы жалпы ақпаратқа сенудің қажеті жоқ деп қорытынды жасауға болады. Ондағы тезистер бірде-бір беделді ғылыми жұмыспен расталмайды, ал кейбіреулері белгілі фактілерге мүлдем қайшы келеді. Микротолқынды пештерге КСРО-да тыйым салынбаған, сондай-ақ олар қатерлі ісік пен асқазан-ішек ауруларын тудырмайды.