Fake News

Фейк: «ДДҰ коронавирустың жаңа «Кентавр» нұсқасын ойлап тапты»

Қазнет пайдаланушылары SARS-CoV-2 кронавирусының жаңа Кентавр нұсқасы анықталғаны туралы жаңалықпен бөлісуде. Кейбір адамдардың пікірінше, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оны ойдан шығарған. Бұл олай емес. Неге екенін түсіндірейік.

Кентавр – бұл Omicron BA.2.75 нұсқасының субварианты. Оны ДДҰ немесе басқа ресми агенттік емес, Twitter қолданушысы осылай атаған. Осы жылдың екінші шілдесінде Xabier Ostale лақап атымен белгілі қолданушы былай деп жазған: «Мен жаңа нұсқаны галактиканың құрметіне BA.2.75 деп атадым. Енді ол – Кентавр. Бұған үйреніп кетесіздер. Бүгін мен пандемиялықтың бәрін басқарамын». Бұл әзіл пост екені анық, бірақ нұсқаның атауы сақталып, оны көптеген бұқаралық ақпарат құралдары қолдана бастады.
Бұл нұсқа алдымен Нидерландта емес, Үндістанда анықталып, осы жылдың маусым айының соңында Жапония, Германия, Ұлыбритания, Канада, АҚШ, Австралия және Жаңа Зеландияда таралған. 
Нұсқаның бірден бірнеше елде оқшаулануы ДДҰ-ның оны ойдан шығармағанына дәлел. Алдымен үнді ғалымдары оқшаулаған, осы жылдың 3 шілдесінде олар пациенттерден 23 үлгі жинап, вирусты оқшаулап, геномын ашқан.
Демек, бұл нұсқаны ДДҰ ойлап тапты деп санауға негіз жоқ. Кентавр атауы бейресми және вирустың нұсқасын Желі пайдаланушысы осылай атаған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button