Fake News

Фейк: «Ұялы байланыс бағаналары тыйым салынған жерде орнатылады, сондықтан олар дұрыс жұмыс істемейді»

Telegram-да ұялы байланыс бағаналары барлық жерде, тіпті тыйым салынған орындарға да орнатылуда деген ақпарат тарады. Онда базалық станциялар көптеген бұзушылықтармен жұмыс істейді және оларды бақылау жеткіліксіз жүргізілетіні айтылған. Мұның бәрі – өтірік.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бұл тұжырымдарды жоққа шығарды.
– Ұялы байланыс бағаналары тыйым салынған жерлерде орнатылмайды. Халықты ұялы байланыс желісімен қамтамасыз етуге арналған қондырғы ҚР байланыс саласындағы заңнамасына сәйкес алынған радиоэлектрондық құралдарды пайдалану рұқсаттары мен хабарламаларына сәйкес пайдаланылады. Базалық станцияны орнату үшін байланыс саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне хабарлама жіберу қажет. Бұл ретте «Радиотехникалық объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға» сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосымен келісілген жобалық құжаттамаға қорытынды беру қажет, – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, ведомство өкілдері тұрғын үйлердің шатырларына телекоммуникациялық жабдықты орнату үшін тұрғын үй заңнамасының талаптарына сәйкес ресімделген пәтер иелерінің рұқсаты талап етілетінін атап өтті. Егер объект жеке меншікті болса, онда жалға алу келісімшарты болуы қажет.
– Антенналары бар жабдық орнатылғаннан кейін қауіпсіздік нормаларының сақталуын қамтамасыз ету үшін өлшеу жүргізіледі. Яғни, егер базалық станция нормативтік талаптарға сәйкес орнатылса, онда оның жұмысы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпсіз болады, – деп хабарлады баспасөз қызметі.

ДДҰ мәліметтері бойынша, ұялы байланыс бағаналарының жұмысына негізделген төмен жиілікті электромагниттік сәулелену адам денсаулығына зиян тигізбейді. 
Қорыта айтқанда, таралған ақпарат жалған. Ұялы байланыс бағаналары тыйым салынған жерде орнатылмайды және олардың жұмысы нақты реттеледі.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button