Фейк: «COVID-19 қарсы вакцинацияның салдары көрсетілген Барби қуыршағы сатылуда»
Telegram мессенджерінде пайдаланушылар мүгедектер арбасында отырған Барби қуыршағының суретін таратуда. Оның бағасында бұл қуыршақтың «Барби — бустерлік доза» деп аталатыны жазылған. Кейбір пайдаланушылардың пікірінше, осылайша өндіруші компания COVID-19 қарсы вакциналар өте қауіпті және емделмейтін аурулар тудыратынын жеткізбек. Бұл жалған.
Шын мәнінде, суретте көрсетілген қуыршақ Barbie Fashionistas Doll #165 деп аталады. Өндірушінің сайтында қуыршақтың вакцинацияға немесе COVID-19 пандемиясына қандай да бір қатысы бар екендігі туралы ештеңе айтылмаған.
Mattel компаниясы мүгедектер арбасында отырған және протездері бар қуыршақтар сериясын 2019 жылы әртүрлі адамдардың болатынын көрсету үшін шығарды.
Демек, мүгедектер арбасындағы Барби қуыршағының пандемиямен ешқандай байланысы жоқ және вакцинацияның «қауіптілігі» жайлы ескерту болып табылмайды. А л бағасындағы «бустерлік доза» жазуы манипуляция болып табылады және ойыншықтың бірегей атауына қатысты емес.