Fake News

ҚР Қорғаныс министрлігі Қазақстан мен Беларусь арасындағы әскери білім беру саласындағы ынтымақтастықты тоқтату туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Қазақстан мен Беларусь әскери білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастықты тоқтататыны туралы құжаттың фотосуреті тарады.

Бұл ақпаратты ҚР Қорғаныс министрлігі жоққа шығарды.

– Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таралған Беларусь Республикасымен әскери білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастықты тоқтату туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде, материалдар АЕК-те (ақпаратты есепке алу кітабында) тіркелді, – деп хабарлады ведомстводан.

Сондай-ақ, Қорғаныс министрлігі тек ресми деректерге ғана сенуге және жалған ақпарат таратпауға шақырды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button