Fake News

Швеция билігі 5G-ге тыйым салған жоқ

Қазақстандықтар мессенджерлерде Швеция билігінің ел аумағында 5G желілерін енгізуге тыйым салғаны туралы жаңалықты таратуда. Олар жаңа технологияға қарсы жаппай наразылықтардың болуы салдарынан осындай шешім қабылдаған екен. Бұл жалған.

 

Фейк ақпараттың тарауына 5G стандартты желілерінің ең ірі жеткізушісі – HUAWEI-дің қатысуымен болған жанжал туралы хабар себеп болған шығар. Компания кибер тыңшылық жасады деген күдік бар, сондықтан көптеген еуропалық елдер, соның ішінде Швеция онымен келісімшарттарды тоқтатып, олар шығарған жабдықтардан бас тартты.

Алайда, бұл Еуропа елдері 5G технологиясының өзінен бас тартты деген сөз емес. Атап айтқанда, Швецияның Ericsson компаниясы жаңа форматтағы желілерді орнатумен айналысады, ол HUAWEI-дің Еуропадағы ең үлкен бәсекелесі болып саналады.

Бүгінгі таңда 5G форматындағы желілер Швецияның 30 қаласында қолжетімді. Ондағы Интернет жылдамдығы 500 Мб/сек жетеді. Бұл көрсеткішті 1Гб/сек дейін арттыру жоспарланған. () Онымен Net4mobility компаниясы – Tele2 консорциумы TEL2b.ST және Telenor TEL.OL-Telia Sverige TELIA.ST және Teracom айналысады. Үстіміздегі жылдың 21 қаңтарында олардың 5G жиіліктер аукционын жеңіп алғаны туралы хабарланды.

Қорыта айтқанда, Швеция билігі ұялы байланыс стандартын енгізуді тоқтатқан жоқ. Керісінше, елде 5G желілеріне қосылу бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button