Fake News

Манипуляция: «Маймыл шешегі Pfizer вакцинасы мақұлданған елдерде ғана бар»

Instagram-да маймыл шешек ауруы тек Pfizer компаниясы шығарған COVID-19 қарсы вакцинасы мақұлданған және қолданылатын елдерде ғана тіркелген деген мәлімдеме тарады. Нәтижесінде кейбір адамдар маймыл шешегі осы препаратпен вакцинацияның жанама әсері деген қорытынды жасаған. Бұл манипуляция.

Бұл теорияның шындыққа жанаспайтынын түсіну үшін Pfizer вакцинасының әлемнің 195 елінің 146-нда мақұлданып, қолданылатындығын ескерген жөн.
Демек, бұл жалпы салыстыру және нақты тұжырымдарға әкелмейді.
Сонымен қатар маймыл шешегінің КВИ қарсы вакцинацияға ешқандай қатысы жоқ екенін ғылыми зерттеулер де айтылған.
Маймыл шешегі – бұл адамзатқа бұрыннан белгілі ауру. Оны Poxviridae тобының Orthopoxvirus тобына жататын вирус тудырады.
Ол COVID-19 алдын алуға арналған басқа препараттарда да, Pfizer вакцинасында да жоқ. Бұған ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің ресми сайтында вакциналардың құрамымен танысып, көз жеткізуге болады.
Клиникалық сынақтар барысында да, вакциналар мақұлданып, оларды әлемде жаппай қолданғаннан кейін де маймыл шешегі жанама әсер ретінде тіркелмеген. 
Сонымен қатар COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинация 2020 жылдың желтоқсанында және кейбір вакциналардың клиникалық сынақтары сол жылдың мамыр айында, яғни, екі жыл бұрын басталды. 
Сондай-ақ препараттардың жанама әсері болса, ол егілгеннен кейінгі алғашқы бірнеше апта ішінде байқалатыны ғылыми дәлелденген. Осылайша, маймыл шешегі вакциналарға жағымсыз реакция болса, онда бұл туралы әлем 2021 жылдың қаңтар-ақпан айларында білетін еді.

Қорыта айтқанда, маймыл шешегі – бұл Pfizer вакцинасының жанама әсері – өтірік және манипуляция. Біріншіден, бұл препарат әлемнің 195 елінің 146-нда қолданылады, екіншіден, препаратқа барлық жағымсыз реакциялар екпеден кейін бірнеше жыл емес, бірнеше апта ішінде дамиды, үшіншіден, COVID-19 қарсы вакцинаның маймыл шешек ауруын тудыруы мүмкін екендігіне қатысты ғылыми дәлелдер жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button