Fake News

Қазақстандықтарды автокөлік ұтысы өтеді деп алдауда

Алаяқтар қазақстандық интернет-дүкендер атынан сатып алушыларға Hyundai маркалы екі автомобильдің ұтысына қатысуға шақырады. Бұл алдау.


Жарнама орналастырылған сайттарда ұтыстың қарапайым шарттары сипатталған: көрсетілген интернет-дүкенде бірнәрсе сатып алып, ұтыс нәтижелерін күту керек. Бірер уақыттан кейін өздерін дүкен қызметкерлеріміз деп таныстырған адамдар қатысушыларға қоңырау шалып, жарна ретінде алдын ала 900 000 теңге төлеп, автокөлікті қазір алып кетуге болатынын айтады. Ал «ұтысқа» қатысушылар Hyundai дилерлік орталығына келгенде ешқандай ұтыстың өткзілмегенін және ешкімнің оларға көлік сатпағанын түсінеді.

– Біз Hyundai Auto Kazakhstan, Astana Motors компаниялары, сондай-ақ Hyundai дилерлік орталықтары ұйымдастырушылар болып табылмайтынымызды және ұтыс ойынына ешқандай қатысымыз жоқ екенін ресми түрде мәлімдейміз. Науқандар мен арнайы ұсыныстар туралы ресми ақпаратты https://www.hyundai.com/kz/ru сайтынан, сондай-ақ 7007 нөмірі бойынша ала аласыздар, – деп хабарлады Astana Motors компаниясының PR-қызметі.

Баршаңызды сақ болуға және күмәнді ұтыс ойындарына қатыспауға шақырамыз.

 

Все разоблачения фейков в нашем Telegram-канале Stopfake.kz. Подпишись, чтобы сразу узнать правду.

Басқа жаңалықтар

Back to top button