Fake News

Денсаулық сақтау министрлігі КВИ-ден қайтыс болғандар саны статистикасының төмендетілуі туралы ақпаратты жоққа шығарды

Желіде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің COVID-19 өлім-жітім статистикасын 14 есе төмендеткені туралы хабарлама таратылуда. Зерттеу барысында Денсаулық көрсеткіштері және бағалау институтының (IHME, АҚШ) мамандары осындай қорытындыға келген екен. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, онда ұсынылған мәліметтер дұрыс емес.

Зерттеуде елімізде коронавирустық инфекциядан 81 696 адам көз жұмды делінген.

– Қайтыс болғандар саны бойынша статистикадан асып кетуі жөніндегі ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2020 жылдың қорытындысы бойынша коронавирустық инфекциядан қайтыс болғандар саны 4 729 адамды құрады. 2021 жылдың 4 айында КВИ-дан қайтыс болғандар саны 1 846 адамды құрады. Осылайша, пандемия басталғалы бері Қазақстанда КВИ-ден Денсаулық көрсеткіштері және бағалау институты жариялағандай 81 696 емес, 6 575 адам қайтыс болды, – деп хабарлады Министрліктен.

Сонымен қатар, зерттеу мәтініне сәйкес, Қазақстанда артық өлім-жітім көрсеткіштері де ресми статистикада көрсетілгеннен жоғары.

– Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректері бойынша 2020 жылы қайтыс болғандар саны 2019 жылмен салыстырғанда 21,8%-ға немесе 29 124 адамға артып, 133 489 адамға шаққанда 162 613 адамды құрады. Осылайша, артық өлім-жітім 29 124 адамды құрады, – делінген хабарламада.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен жылы 29 124 адамның 4 729-ы КВИ-ден көз жұмған.
Басқа адамдардың өліміне қан айналымы жүйесі аурулары, тыныс алу органдары аурулары, жүйке жүйесі аурулары, сондай-ақ жұқпалы және паразиттік аурулар себеп болды.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасы бойынша Денсаулық көрсеткіштері және бағалау институты жариялаған статистикалық деректер Қазақстан Республикасында тіркелген нақты деректерге сәйкес келмейді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button