Фейк: «Даладағы шеңберлер өзге ғаламшарлықтардың бар екенін дәлелдейді»
Қазнет пайдаланушылары әлемде далада мезгіл-мезгіл қалыптасатын шеңберлердің пайда болуына қатысты ойланып қалды. Кейбіреулерінің пайымдауынша, жұмбақ суреттер қолдан жасалмаған және өзге ғаламшарлықтардың бар екендігінің сөзсіз дәлелі болып табылады. Бұл теория қызық болса да, дұрыс емес.
Дәнді дақылдар егілген алқаптарда мезгіл-мезгіл пайда болатын жұмбақ сиволдар уфологтар мен жұмбақтар әуесқойларын ондаған жылдар бойы алаңдатып отыр. Өзге ғаламшарлықтар туралы теорияларды жақтаушылардың пікірінше, символдар мен өрнектер келімсектердің ісі. Оны фигуралардың ерекше геометриялық дәлдігі, көлемі мен мұқияттылығынан байқауға боалды. Сонымен қатар символдарда Күн жүйесінің макеттері немесе тұтас ір хабарламалар жиі жасырылады.
Алайда, шын мәнінде, мұндай өрнектерде жұмбақ ештеңе жоқ. Оларды қолдан жасауға, тіпті жарнама немесе ерекше сыйлық ретінде де тапсырыс беруге болады.
2000-шы жылдардың басында Ұлыбритания тұрғыны Дуглас Боуер мен оның досы Дэйс Чорли 1980 жылдары көңіл көтеру мақсатында түнде жұмбақ өрнектерді өздері «салғандарын» айтқан.
Олар мұны заманауи технологияның және жерден тыс өркениеттердің көмегінсіз істеген. Қолда болған жалғыз жабдық – арқан байланған әртүрлі ұзындықтағы тақталар. Боуер мен Чорли арқанды қолмен ұстап, бір аяғымен тақтаға басып, масақтарды таптап, қажет суретті жасаған.
Кейін оларды осы технологиямеен далада шеңбер салған энтузиастар тобы алмастырды. Circle Makers командасының белгілі бір суретке тапсырыс беруге болатын жеке сайт та бар. Мысалы, олар ерлі-зайыптылардың портретін, KoЯn рок-тобының логотипін, HelloKitty брендін және басқа да суреттерді тапсырыспен жасаған. Шеңберде шифрланған хабарламасы бар өзге ғаламшарлықтың портреті – бұл да Circle Makers командасының жұмысы. Бұл суреттің фотосы олардың сайтында бар, ол 2002 жылы шыққан.
Айта кетейік, 2002 жылы алқаптарда суреттер салу жағдайлары көп болды. Ол кезде экранға «Белгілер» фантастикалық фильмі шыққан еді. Шеберлер промо-акция ретінде кинокомпанияның өтінішімен далада әдейі сурет салған. Қазіргі кезде осы суреттердің фотокарточкаларын интернеттен аз ғана ақшаға сатып алуға болады.
Даладағы суреттерді өзге ғаламшарлықтар емес, адамдар салатыны қисынды. Біріншіден, келімсектердің өрнектерді қалай жасайтынын немесе олардың келгенін ешкім ешқашан шетелдіктердің көрген емес. Ал адамдардың оны қалай жасайтыны белгілі. Оның үстіне, мұндай суреттерді салу барысының видеосы да бар.
Екіншіден, адамдар геометрия негіздерінен хабардар және нақты геометриялық сурет сала алады. Сондай-ақ адамдар «хабарламалар» жазылған екілік кодты және Күн жүйесінің құрылымдық схемасын біледі.
Демек, өрнектер бөтен адамдардың жаратылысы деп санауға негіз жоқ. Бұл суреттердің қолдан жасалғаны бұрыннан белгілі, олардың авторлары тіпті одан ақша табады.