Fake News

Фейк: «Маймыл шешек – бұл COVID-19 қарсы вакциналардан туындаған герпес»

Қазнет қолданушылары маймыл шешегі – бұл COVID-19-ға қарсы егілгендерде ғана дамитын герпес және белдемшелік теміреткі деп жазды. Бұл теорияны талдап, оның неге дұрыс емес екенін түсіндірейік.

Герпес – бұл әртүрлі аурулар тудыратын вирустар тобының жалпы атауы. Бүгінгі таңда ғылымда адамда болатын герпестің сегіз түрі белгілі. Ең жиі кездесетіні 1 типтегі жай герпес вирусы. Онымен ауырғанда ерінге, мұрынға және ауызға күлдіреулер шығады. Тағы бір жиі кездесетін герпес вирусы – желшешек пен белдемшелік теміретке қоздырғышы болып табылатын Varicella Zoster. COVID-19 қарсы вакциналарда бұл вирустар жоқ. Бұған ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің сайтында КВИ қарсы вакциналардың құрамдарымен танысып, көз жеткізуге болады.

Кейбір мәліметтер бойынша жай герпес вирусы Жер бетіндегі адамдардың 95%-ында болады. Әдетте ол байқалмайды, бірақ иммунитет төмендеген кезде – ЖРВИ немесе басқа аурулармен ауырғанда оның белгілері пайда болуы мүмкін.
Вакцинация иммундық жүйені бұрын белгісіз болған патогенге антиденелер қалыптастыруға итермелейтіндіктен, ағза үшін стресс болғандықтан, бұл теориялық тұрғыдан ағзадағы герпес вирусын қоздыруы ықтимал.
Ғалымдар осы тақырыпта зерттеулер жүргізді. Олардың нәтижелері вакциналардың герпестің дамуына және туындауына әкелмейтінін көрсетті. 
Әр түрлі елдердегі дәрігерлер қателесіп немесе қылмыстық қастандық нәтижесінде маймыл шешекті герпес деп айтады деуге негіз жоқ. Біріншіден, адамдар бұл ауру, оның белгілері мен динамикасы туралы бұрыннан біледі, дәрігерлер оны анықтай алады. Екіншіден, бүгінгі таңда маймыл шешек ауруын жұқтырудың барлық жағдайлары зертханалық түрде расталды. 
Сонымен қатар, маймыл шешек, герпес және белдемшелік теміреткенің арасындағы айырмашылықтар медициналық білімі жоқ адамдарға анық көрінеді.
Маймыл шешегі кезінде денеге сұйықтығы бар көпіршіктер түріндегі бөртпелер қаптап, лимфа түйіндері кеңейеді.
Жай герпес шыққанда шырышты қабаттарда іріңдеген жерлер пайда болады. Мысалы, ерінге, ауызға немесе мұрынға. 
Белдемшелік теміретке болса, дененің бір жағы бөртіп кетеді. Бұл ретте лимфа түйіндері үлкеймейді, науқастың қызуы көтеріліп, ауырсынуы мүмкін. 
Демек, вакциналардан туындаған герпес пен белдемшелік теміреткені маймыл шешек ауруы деп айтатыны туралы тұжырым жалған. COVID-19 қарсы вакцинация мен герпестің арасында ешқандай байланыс жоқ, ал маймыл шешек ауруын жұқтыру жағдайларының барлығы зертханалық түрде расталған және күмән тудырмайды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button