Fake News
Фейк: «Нұр-Сұлтанда екі жұмысшы құрылыс платформасынан құлап, мерт болды»
Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде қатты дауыл кезінде аспалы құрылыс алаңында қалып қойып, қайтыс болған екі жұмыскер туралы бейнеролик таратылуда. Адамдар желдің екпінімен шайқалған конструкцияда тұра алмай, үлкен биіктіктен құлаған. Видео астынан оқиғаның 13 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында болғаны жазылған. Бұл олай емес.
Шын мәнінде, кадрлар 8 маусымда Иранның Урмия қаласында түсірілген.
13 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында қатты жел болған жоқ. Метеорологтардың мәліметінше, бұл күні елордада желдің жылдамдығы секундына 5 метрді құрады.