Fake NewsИнфографика

Stopfake.kz «Зиянды кеңестер» береді

Құрметті оқырмандар!

Бұл ресурс адамдарға жалған ақпарат пен шынайы ақпараттың қайсы екенін анықтауға, өтірікті әшкерелеп, фейк таратылыммен күресуге арналған. Біз смартфон, ноутбук немесе компьютері бар, жаһандық ғаламторға қосылған адамдардың барлығы сандық ақпарат кеңістігінде еш қиындықсыз әрекет еткенін қалаймыз.

Алаяқтың құрбаны болмау, сыбыстарды таратпау туралы кеңестерді күнде естиміз, фейк ақпаратты қалай анықтауға болатыны туралы мақалалар мен топтамаларды оқимыз. Өкінішке орай, жалған ақпараттар легі толастар емес. Сондықтан біз керісінше әрекет етіп, пайдалы емес, зиянды кеңесімізді ұсынғанды жөн көрдік. Осы жанрдың негізін қалаған жазушы Григорий Остер айтқандай, «Бәрімізге де кейде ақылсыздыққа қарсы екпе қажет».

Назарларыңызға дүйсенбі күндері шығарылатын «Зиянды кеңестер» апта сайынғы айдарымызды ұсынамыз.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button