Фейк: «Құбырдағы суды тырысқақ таяқшалары бар»
Қазақстандықтар мессенджерлер мен әлеуметтік Желілерде құбырдағы суды пайдалануға болмайды, себебі онда тырысқақ қоздырғышы бар деп ескертетін ақпарат таратуда. Бұл өтірік.
Бұл фейк Рунетте осы жылдың мамыр айының басында шыққан. Әуелі ол жекелеген аймақтарда таралды. Кейіннен – ел көлемінде жаңалық ретінде ұсыныла бастады. Бұл ақпаратты тұтынушы құқығын қорғауға және адамның әл-ауқатына жауапты ведомство Роспотребнадзор жоққа шығарды. Мекеменің хабарлауынша, құбырдағы су сынамаларынан тырысқақ вибриондары анықталған жоқ.
Қазақстанда да құбыр суында тырысқақ таяқшасы бар деген ақпарат жалған болып табылады. ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарлауынша, соңғы он жылда жергілікті жерде тырысқақ жұқтыру жағдайлары тіркелмеген. Ауру сырттан әкелінген соңғы жағдай 2019 жылы болған. Ол кезде Үндістаннан келген төрт қазақстандық жұқтырған. Содан бері елімізде тырысқақпен ешкім ауырмаған. Сондай-ақ, ведомство судың сапасы тұрақты түрде бақыланып отыратынын атап өтті. Тырысқақ бойынша эпидемиологиялық маңызы бар жерлерде жылына алты мыңға дейін сынама алынады.
Демек, құбыр суда тырысқақ таяқшалырының бар екендігі туралы ақпарат Ресейде де, Қазақстанда да фейк болып табылады.