Fake News

Фейк: «Маймыл шешек ауруы – бұл COVID-19 қарсы вакциналардың жанама әсері»

Желі қолданушылары маймыл шешек ауруының таралуы COVID-19 қарсы вакцинацияның жанама әсері болуы ықтимал деген теорияны алға тартты. Бұл өтірік және конспирология.

Бұл теорияның авторы – өзінің негізсіз және жалған мәлімдемелерімен танымал вакцинацияға қарсы Алекс Джонс. Оның маймыл шешек ауруының пайда болу себептеріне қатысты теориясын India Today және Forbes жоққа шығарды.

Шын мәнінде, маймыл шешек ауруы бір нәрсенің жанама әсері бола алмайды. Бұл дерт ортопоксвирустар тобына жататын маймыл шешек вирусынан туындайды. Яғни, індетті жұқтырған адаммен немесе жануармен тікелей байланыс болуы қаже.

COVID-19 қарсы вакциналарда осы және басқа бір өміршең вирустар жоқ. Бұған ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің ресми порталында препараттардың құрамдармен таныса отырып, көз жеткізуге болады.

Бүгінгі таңда маймыл шешек ауруының пайда болуының нақты себептері белгісіз. Алайда, ДДСҰ мәліметтері бойынша, эндемиялық емес елдерде 2003, 2018, 2019 және 2021 жылдары адамдардың дертті жұқтыру жағдайлары тіркелген.

Қорыта айтқанда, маймыл шешек ауруы COVID-19 қарсы вакцинациясының жанама әсері деген теория негізсіз және ғылыми мәліметтерге қайшы келеді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button