Фейк: «Мектептерге «жасыл» статусы бар оқушылар ғана жіберіледі»
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қысқы демалыс аяқталғаннан кейін мектептерге Ashyk жүйесінде «жасыл» статусы бар оқушылар ғана кіре алады деген ақпарат таратылуда. Бұл қауесетті ҚР Білім және ғылым министрлігі жоққа шығарды.
Ведомствоның хабарлауынша, бұл жоспарда жоқ.
– Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды деп мәлімдейміз. Оқушылардың қысқы демалысы 17 қаңтарға дейін ұзартылды. Демалыс аяқталғаннан кейін сапалы білім алуды шектеу туралы айтылып отырған жоқ. «Ashyk»-ты білім беру саласының қызметкерлері ғана пайдаланады. Айта кетейік, ел педагогтердің вакцинацияланып, өздерін, өз денсаулығын және оқушылардың денсаулығын коронавирусты жұқтыру қаупінен қорғады, – деп түсіндірді ҚР БҒМ баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуалиева.
Сондай-ақ ол жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.