Фейк: «Павлодар тұрғыны мобильді қосымшаның көмегімен 39 миллион теңге ұтып алды»
Facebook әлеуметтік желісінде ер адамға 39.5 миллион теңгеге чек табысталған кадрлар тарады. Бұл мобильді қосымша арқылы онлайн-казинода ойнап, қомақты қаржы ұтып алған Павлодар қаласының тұрғыны екен. Бұл фейк.
Түпнұсқа кадрлар 2019 жылғы 27 қыркүйектегі ескі жаңалықтардан алынған.
Ол кезде Павлодар қаласының тұрғыны шынымен 39.5 миллион теңге ұтып алды, алайда оның онлайн-казиноға ешқандай қатысы жоқ. Ол Loto 6/49 ойынында «Сәтті Жұлдыз» лотереясында рекордты суперприз жеңіп алды.
Естеріңізге сала кетейік, «Ойын бизнесі туралы» Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында электрондық казино мен интернет-казино қызметіне тыйым салынған.
Сонымен қатар онлайн-казино деп әрекет ететіндер – алаяқтар. Олар ойыншылардан ұтыстар қабылдайды, бірақ жеңген жағдайда ешқандай төлемдер жасамайды.
Демек, Павлодар қаласының тұрғынының мобильді қосымша арқылы қомақты қаржы ұтып алғаны туралы ақпарат – фейк.