Жаңалықтар

Манипуляция: «Жаңа зерттеу балалар арасында гепатиттің өршуіне COVID-19 қарсы вакциналар себеп болғанын дәлелдейді»

Қазнет қолданушылары балалар арасында гепатиттің өршуіне COVID-19-ға қарсы вакциналар себеп болғанын дәлелдейтін зерттеу жарияланды деп жазды. Бұл зерттеуде шын мәнінде не айтылғанын талдап, оның балалар арасындағы гепатитке неге қатысы жоқ екенін түсіндіріп өтейік.


Биыл көктемде әртүрлі елдерден балалар арасында жедел гепатиттің таралуы жайлы ақпараттар келіп түсе бастады. 23 сәуірде ДДСҰ сайтында сол кезде 16 жасқа дейінгі балалар арасында кем дегенде 169 жағдай тіркелгені туралы ресми ақпарат жарияланды.
Мақалада аурудың даму себептері белгісіз екендігі айтылған. Онда COVID-19-ға қарсы вакцинация туралы мүлдем жазылмаған. Ауруға шалдыққан балалардың егілген-егілмегені туралы деректер жоқ.
Қазақстандықтар айтып отырған зерттеу биыл 20 сәуірде ДДСҰ сайтында мақала шыққанға дейін жарияланған. 
Онда COVID-19 қарсы вакцина салдырған 52 жастағы ер адамда гепатиттің анықталғаны туралы бір ғана жағдай сипатталған. Сонымен қатар, еңбек авторлары вакцина аурудың аурудың өршуіне себеп болды деп емес, оның дамуына түрткі болуы ықтимал деп жазған.
Зертетуде 16 жасқа дейінгі балалар арасында гепатиттің өршігені жайлы айтылмайды, сәйкесінше зерттеудің оған ешқандай қатысы жоқ.
Оның үстіне, дәрігерлердің вакцинация мен гепатит арасындағы байланыс туралы алдын ала болжамдары еңбекте сипатталған жеке адамда расталғанымен, мұнай жағдайлардың дамуы екіталай екенін көрсетеді.
Бүгінгі таңда әлем халқының 65.7%-ы, яғни бес миллиардтан астам адам COVID-19 қарсы вакцина алды. Олар вакцинациядан кейін гепатитпен ауырғандары туралы хабарлаған жоқ.
Демек, Қазнетте тараған зерттеулер балаларда вакцинация мен гепатиттің өршуі арасындағы байланысты дәлелдегені туралы ақпарат – манипуляция. Жоғарыда келтірілген зерттеуде гепатитке шалдыққан егілген 52 жастағы бір ғана ер адамның жағдайы сипатталған. Бұл ретте авторлар препарат пен аурудың арасында байланыс бар деп айтып отырған жоқ, тек пайымдап отыр.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button