Медициналық фейктер

Фейк: «Ингавирин мен қатерлі ісік ауруын тудыратын тыйым салынған препараттың құрамы бірдей»

Желіде вирусқа қарсы Ингавирин препараты қан обырын тудыруы мүмкін екендігі туралы видео таратылуда. Авторлардың пікірінше, дәрі-дәрмекті қолданудың салдары белсенді зат витаглутамнан болады, ол 2014 жылы тыйым салынған Дикарбаминнің құрамында болған. Роликтегі ақпаратты медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ДСМ Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының сарапшысы Александр Гуляевпен бірге тексерейік.

Ингавириннің қауіптілігі туралы хабарламалар 2020 жылы жаңа коронавирус пандемиясының аясында пайда болды. Олардың барлығының мазмұны бірдей. Авторлар препараттың құрамына имидазолилетанамид пентанди қышқылы немесе витаглутам кіреді деп айтады. Дәл сол белсенді зат Ресейде онкологияны емдеуде қолданылған Дикарбаминде кездеседі, ал 2014 жылы ақ қан жасушаларының шамадан тыс өсуіне ықпал еткендіктен оған тыйым салынған.

– Ингавириндегі белсенді зат – дикарбамин препаратындағыдай пентадион қышқылының имидазолилетанамиді. Өндіруші жанама әсерлерге байланысты емес себептермен дикарбаминді шығаруды тоқтатты. Дикарбаминнің канцерогенділігін көрсететін клиникалық зерттеулер болған жоқ. Дикарбаминді қолдану кезінде қатерлі ісік ауруын ынталандыру туралы да бірде-бір есеп болған жоқ. Ол химиотерапиядан кейін лейкопоэз стимуляторы ретінде қолданылды, бірақ оның әсері шамалы. Анағұрлым тиімді стимуляторлық препараттар пайда болғаннан кейін, дикарбаминге тыйым салынған жоқ, өндіруші оны шығаруды тоқтатты, – дейді профессор Александр Гуляев.

Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрлігінің препаратты мемлекеттік тіркеуді жою туралы ресми хатында өндірушінің өзі дәрі-дәрмекті қайтарып алғаны айтылған. Осылайша, жанама әсерлерге байланысты дикарбаминді өндірістен алып тастады деген пікір дұрыс емес.

Ингавиринді шығару өндіру пентанди қышқылының имидазолилэтанамидінің вирусқа қарсы әсері анықталғаннан кейін қолға алынды.

– Ингавирин қолданылған 5 жылдың ішінде анықталған немесе күдік келтірілген канцерогенділік туралы бірде-бір ақпарат болған жоқ. Препараттың негізі – имидазолил-барлық клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулерден өтті. Бұл Ингавирин мен дикарбаминнің ғана емес, сондай-ақ басқа да көптеген препараттардың негізі. Ешқашан және еш жерде алаңдатарлық фактілер анықталған жоқ. Бұл видео қарапайым адамдардың сенгіштігінен туындаған өтірік, – деп толықтырды Александр Гуляев.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button