Fake News

Фейк: «Зерттеулер COVID-19 қарсы вакцинацияға байланысты қыздарда жаралар пайда болатындығын дәлелдеді»

Қазақстандықтар Instagram-да жақында жүргізілген зерттеулерде COVID-19-ға қарсы вакцинациялау нәтижесінде бес жастағы қыздардың жыныстық мүшелеріне жаралар шығатыны дәлелденгені туралы жазуда. Бұл жағдайды талқылап, түсіндіріп өтейік.

COVID-19 қарсы вакцина алғаннан кейін жыныстық мүшеге жаралар шыққан жағдайлардың болғаны рас. Биыл ақпан айында жасөспірім қыздарда осындай үш жағдай тіркелді. Нәтижесінде бәрі де ешқандай салдарсыз толықтай емделіп шықты.

Соңғы кездері орын алған ұқсас жағдайлар туралы ақпарат Желіде жоқ.

Бұл ретте жара шыққан жағдайлар сипатталған еңбектердің бәрінде мамандар аурудың вакцинадан болғанын растайтын сенімді мәліметтер жоқ екенін атап өтеді.

Сонымен қатар, АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мәліметтері бойынша, осы жылдың 20 сәуірінде елде 5-тен 11 жасқа дейінгі 9,8 миллион бала вакцинаның кем дегенде бір дозасын алған. Осы жастағы 7,9 миллион бала толығымен егілген. 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында 14,6 млн толықтай вакцинацияланған. Осы жас тобындағы 17.1 млн адам екпенің бірінші дозасын салдырған.

Осылайша, ауру дамыған үш жағдай оның вакцинадан болады немесе жаралар препараттың әдеттегі жанама әсері болып табылады деуге себеп бола алмайды.

Сондай-ақ, COVID-19 ауруының өзі жыныстық мүшелерде жаралардың дамуына әкелетін жағдайлар болғанын атап өткен жөн. Мұндай жағдайлар баршаға қол жетімді ғылыми жұмыстарда егжей-тегжейлі сипатталған. 

Таратылған хабарламада айтылған VAERS жүйесі сенімді деректер көзі болып саналмайды. Бұл туралы порталдың бірінші бетінде айтылған: «Есептер толық немесе дәл емес, кездейсоқ немесе тексерілмейтін ақпаратты қамтуы мүмкін. VAERS-тегі есептердің көпшілігі ерікті болып табылады, яғни олар қате болуы мүмкін». Сондай-ақ, «вакциналардың жанама әсерлері туралы есеп беру жүйесінің (VAERS) мәліметтер базасында АҚШ-та лицензияланған вакциналармен егілгеннен кейінгі жанама әсерлер (аурулар, денсаулыққа қатысты мәселелер және/немесе белгілер) туралы тексерілмеген есептер бар. Есептер кез келген адамнан қабылданады және сайтқа электронды түрде жіберіледі» деп жазылған.

Демек, таратылған хабарлама асыра сілтеу болып табылады және бұрмаланған. Бүгінгі таңда COVID-19 қарсы вакцина алған жасөспірімдерде жара болған үш жағдай ғана тіркелген. Олардың ешқайсысында аурудың дамуы мен вакцинация арасындағы байланыс ғылыми түрде расталмады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button