Fake News

Жалған: «ДДҰ-ның жаңа келісіміне байланысты мемлекеттер өз егемендігінен айырылады»

Әлеуметтік желілерде ДДҰ-ның жаңа келісімі туралы видео тарады. Оның көмегімен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус бүкіл әлемнің толыққанды қожайыны болады, ал әлем елдері тәуелсіздігінен айырылады екен.

Бұл ескі видео. Ол бір жыл бұрын – 2023 жылдың сәуір айыда шыққан. Журналист Майкл Блум микробиолог Тамара Тууминеннен сұхбат алған. (https://www.antioksidantti.fi/henkilo/tamara-tuuminen/) Ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа келісіміне алаңдаушылық білдіріп, құжат қабылданғаннан кейін «адамдар ДДҰ-ның қолдаулығына айналады» деп мәлімдеді.

Келісім бойынша жұмыс 2021 жылы басталды. Оған ДДҰ-ға мүше 194 мемлекет, халықаралық ұйымдар, ғылыми және медициналық мекемелер, жеке сектор және т. б. қатысады.

Келісімшарт бойынша жұмыстың барлық кезеңдері ДДҰ сайтында баршаға қол жетімді. Келісімде ұйымның алдағы пандемиялардың алдын алуға және оларға ден қоюға көмек көрсетуге дайындығы туралы айтылады. ДДҰ вакцинацияны талап ететіні немесе Үкіметтің қандай да бір ресурстарын бақылайтыны туралы ештеңе жазылмаған. Басты міндет – пандемияның алдын алу үшін барлық елдердің медициналық көмекке, ақпаратқа және соңғы технологияларға қол жеткізудегі теңдігін қамтамасыз ету.

Әзірге осы жылдың мамыр айында талқыланатын жобасы ғана дайын. Бұл құжат ДДҰ–ға мүше барлық мемлекеттермен келісілген жағдайда да, кез келген басқа халықаралық құжатты келіскен кездегідей, елдердің үкіметтері оны ұстану-ұстанбауды өздері шешеді. Яғни, мемлекеттер өздерінің ұлттық заңдары мен ережелерін ескере отырып әрекет етеді.

Талқылауға тікелей қатысқан заң профессоры Лоуренс Гостин USA Today журналисіне ДДҰ-ның жаңа келісіміне қатысты пікірін жеткізді. Оның айтуынша, «шарт пандемияның алдын алу және оған қарсы әрекет етудегі жаһандық ынтымақтастыққа бағытталады. Бірақ бұл ешбір елге ішкі денсаулық сақтау саясатын қалай жүргізу керектігін көрсетпейді. Атап айтқанда, ДДҰ мемлекеттердің үстінен қарайтын ешқандай өкілеттік алмайды».

Келісім қабылданғаннан кейін де әлем елдері қоғамдық денсаулыққа деген көзқарасын анықтауға және басқаруға егеменді құқыққа ие болады. Демек, жарияланым – фейк.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар

Басқа жаңалықтар

Back to top button