Фейк: «COVID-19-ға қарсы вакцинацияланған адамдар Bluetooth сигналдарын шығарады»
Қазнетте тараған ролик кейіпкері COVID-19-ға қарсы егілгені жайлы айтып, вакцинациядан кейін Bluetooth сигналын шығара бастадым деп мәлімдейді. Мұның бәрі ескі фейк.
Бұл видео Желіде 2021 жылдың мамырында тарады. Reuters порталының фактчекерлері жазғандай, ролик бастапқыда пайдаланушы @al_janabi TikTok-аккаунтында орналастырылған. Кейін видео жойылды, бірақ басқа әлеуметтік желілерге таралып үлгерді.
Видеодағы адам айтып отырған вакциналардың ерекше «жанама әсері» дәлелсіз. Вакцинация нәтижесінде адамдар Bluetooth сигналдарын шығармайды және қабылдамайды.
Қандай да бір сигналдарды жіберу немесе қабылдау үшін антенна қажет. Оның ұзындығы белгілі бір сигнал түрінің толқын ұзындығына байланысты болады. Bluetooth технологиясында антенна үш сантиметрден сәл асуы керек.
Сондай-ақ видеода ер адам AstraZeneca вакцинасымен егілгенін айтады. Бұл препараттың бір құтысында сегіз адамға арналған доза бар. Демек, видео авторының логикасы бойынша сегіз антенна болуы керек. Олардың барлығы пациенттерге көрінбейтін және препаратты шприцке құйып, оған антеннаның түсуін қамтамасыз ететін медбикелерге көрінетін болуы қажет. Бұл мүмкін еместігі анық.
Сонымен қатар препараттың құрамында антенналар мен басқа металл заттар жоқ.
AstraZeneca вакцинасын ол ресми түрде мақұлданған әлемнің 149 елінде жүздеген мың адам алды. Бұл мемлекеттерде Bluetooth сигналдары түріндегі жанама әсерге қатысты ресми органдарға келіп түскен жаппай өтініштер тіркелген жоқ.
Демек, таралған ақпарат ғылым мен ақылға қайшы келетін ескі фейк. Оған сенудің қажеті жоқ.