Fake News
Құқық қорғаушы Жеміс Тұрмағамбетова тергеу изоляторындағы азаптау камерасы туралы ақпаратты жоққа шығарды
Әлеуметтік желілерде тергеу изоляторларының бірінде қабырғаға бекітілген бекіткіштері бар азаптау камерасы жабдықталғаны туралы ақпарат тарады.
Бұл ақпаратты «Адам құқықтары жөніндегі хартия» ҚҚ атқарушы директоры Жеміс Тұрмағамбетова жоққа шығарды.
«Қамауда ұстау және жазаны өтеу орындарына барып, мониторинг жүргіземін. Мұндай ешқашан, болған емес және жоқ», – деп жазды ол өзінің Facebook парақшасында.