Қазнетте коронавирус тарататын 5G бағаналары туралы фейк тағы да таралуда
Қазнет қолданушылары 5G бағаналары COVID-19 тарататындығын «дәлелдейтін» ескі видеомен бөлісуде. Видеода каскадағы ер адам COV-19 жазуы бар және бағанаға орнатылуы тиіс бөлшекті көрсетеді. Мұның барлығы – фейк.
Бұл видео 2020 жылы көктемде кеңінен тарады.
Видеода көрсетілген бөлшек Hannstar омпаниясы шығарған телевизиялық құрал-жабдық болып шықты. Сондай-ақ, кадрда қызметкердің қолындағы құрылғыда DVD ойнатқыштары мен бейнемагнитофондарға қосылу үшін қолданылатын SCART коннекторы бар екенін көруге болады. Қазіргі кезде мұндай бөлшектер қолданылмайды және олардың қыщметін HDMI жалғағышы атқарады.
Видеода ескі үлгідегі телевизиялық бөлшек көрсетілгенін Virgin Media компаниясының өкілі Саймон Дорнан Associated Press-ке жазған хатында растады.
Оның 5G технологиясына ешқандай қатысы жоқ және осы форматтағы толқындарды тарататын антенналар үшін пайдаланылмайды.
COVID-19 пандемиясының 5G технологиясымен байланысы – фактілер мен физика заңдарына қайшы келетін қастандық теориясы.