Fake News

Фейк: «Видеода вакцинадағы нанороботтар көрсетілген»

Telegram мессенджерінде «микроскоппен қарағандағы вакцина» деп жазылған видео тарады. Кадрларда иммундауға арналған препараттың құрамындағы ұсақ роботтар көрсетілген. Бұл фейк.

Шын мәнінде, роликте көрсетілген микроскопиялық құрылғылардың вакцинаға еш қатысы жоқ. Бұл кадрлар алғаш рет 2020 жылғы тамызда Nature журналында жарық көрді. Мұны видеоның жоғарғы оң жақ бұрышындағы журнал логотипінен де байқауға болады.
Кадрларда көрсетілген құрылғылар – америкалық ғалымдар жасаған микроскопиялық роботтар. Олар жарықтың әсерінен қозғалады. Бүгінде олар жаппай қолданысқа енгізілмеген және COVID-19 қарсы вакциналарда немесе басқа дәрі-дәрмек құрамына кірмейді.
COVID-19 қарсы вакциналардың құрамы құпия емес және көпшілікке қолжетімді. Оларда наночиптер немесе басқа электрондық құрылғылар жоқ.
Вакциналардың құрамымен толығырақ мына жерден танысуға болады:

Pfizer/BioNTech;

Moderna; 

Janssen; 

AstraZeneca; 

Sputnik V; 

Hayat-Vax (Sinopharm);

QazVac;

CoronaVac. 

Қорыта айтқанда, вакциналардағы нанороботтар туралы Желіде таратылған видео манипуляция болып табылады. Вакцинацияға қарсы адамдар иммундауға қатысы жоқ инновациялық өнертабыс туралы роликке вакцинация пункттерінде түсірілген кадрларды қосқан.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button