Fake News

Фейк: «Қазақстанда пандемия өткен жылы жойылған»

Telegram-чатта пайдаланушылар Қазақстанда COVID-19 пандемиясының былтыр жойылғаны туралы ақпаратты талқылауда. ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл тұжырымды жоққа шығарды.


Алдымен, пандемия – бұл төтенше жағдай, оны болдырмауға немесе жоспарлауға болмайтынын атап өткеніміз жөн. Пандемия ауруды тудыратын патогеннің таралуын қандай да бір жолмен тоқтату мүмкін болған кезде ғана тоқтайды.

«Пандемия Қазақстанда ғана емес, әлемде де жойылған жоқ. Эпидемиологиялық жағдай нашарлап келеді. Омикрон және SARS-CoV-2 вирусының басқа нұсқалары тез таралады. Иә, біз карантин шараларын жеңілдеттік, бірақ пандемия әлі де жалғасуда. Егер вакцина салдырмасақ, бұл вирустың жаңа нұсқаларының пайда болуына әкелуі мүмкін. Бұған жол бермеу үшін вакцинациялау қарқынын арттыруымыз керек. Біз пандемияны тек осылай ғана тоқтата аламыз», – деп хабарлады ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Демек, пандемияның «жойылуы» туралы ақпарат – фейк.

Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз! Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтырған ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp нөміріне жіберіңіз.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button