Fake News

Желіде селдің ескі видеосы қайта тарады

Қазнетте дәл қазір болып жатқан төтенше жағдай деп бұрын болған селдің видеосы таратылуда. YouTube-тағы бейне 29 шілдеде жарияланған, бірақ іс жүзінде ол екі апта бұрын түсірілген.

Бұл ретте автор видеода селдің бейне жарияланған күн 29 шілдеде емес, 14 шілдеде болғанын айтпайды. Бірақ төтенше жағдайдың Алматы облысында орын алғанын жазады. Өңірлік төтенше жағдайлар департаменті қазір селдің жоқ екенін, ал видео оны жарияланғанға дейін екі апта бұрын түсірілгенін хабарлады.

– 2021 жылғы 14 шілдеде сағат 14.15-те Алматы облысының Кеген ауданында Шарын өзенінің аумағында жаңбыр мен бұршақ түрінде жауын-шашынның мол түсуі салдарынан құрғақ сайда жаңбыр суының еңіс ағуы орын алды. Нәтижесінде, көлбеу ағын өтетін аймақтан өз бетінше шыға алмаған (ҚР ТЖМ бөлімшелеріне тиесілі емес) автобустың алдыңғы дөңгелектерінің астындағы топырақты су шайып кеткен. Шарын өзенінде жоғалып кеткен адамды іздестіру жұмыстарына жұмылдырылған ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының арнайы техникасымен (КаМАЗ Вахтовка) автобус қауіпсіз жерге сүйрелді, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

ТЖД оқиғмәліметінше, оқиға салдарынан құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз! Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтырған ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp нөміріне жіберіңіз.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button