Fake News

Telegram-да мектеп оқушыларын чиптеу туралы бұрынғы фейк таратылуда

Telegram-чаттарда Оңтүстік Қазақстанда балаларды чиптеу жоспарлары туралы бұрынғы әзіл тағы да таратылып жатыр. Жоба АҚШ гранты есебінен қаржыландырылады екен. Бұл өтірік.


Бұл әзіл 2014 жылдың 1 сәуірінде OTYRAR газетінің сайтында жарияланған болатын. Мәтін соңында «1 сәуір құтты болсын, құрметті оқырмандар!» деп үлкен әріптермен жазылған. Яғни, балаларды чиптеу туралы ақпараттың толықтай қалжың болып табылады.
Дегенмен, кейбір пайдаланушылар осы күнге дейін бұл ақпаратқа сеніп келеді. Мысалы, былтыр қаңтар айында мектеп оқушыларына чиптер енгізу туралы ролик Қазнетте кеңінен тарады.

Оңтүстік Қазақстанда мектеп оқушыларын чиптеу сәуір айындағы ескі әзіл болып шықты

Хабарламада айтылған «Балалық шақ – 2030» жобасының Қазақстанға ешқандай қатысы жоқ. Ол Ресейде әзірленді, бірақ іске асырылған жоқ. Әр түрлі сарапшылар жобаны іске асырудың әдептілігіне күмән келтіріп, бұл идеяны «сандырақ» деп атады.

Демек, Қазақстанда балаларды чиптеу туралы тараған ақпарат 1-сәуірдегі бұрынғы әзілге негізделген фейк болып табылады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button