Fake News

«Сбербанк» байланыстың үзілуі салдарынан несиелерін өтемегендерге өсімақы есептеу туралы қауесетті жоққа шығарды

Қарағандылық Instagram-қоғамдастықтардың бірінде пайдаланушылар байланыстың үзілуі салдарынан уақытында өтеуге үлгермегендіктен «Сбербанк» несие төлеу мерзімі өтіп кеткені үшін өсімақы есептегені туралы жазды. Банктің хабарлауынша, бұл жалған ақпарат.


Банктің клиенттерді қолдау қызметінің мәліметінше, қазіргі кезде уақытылы өтелмеген несиелер үшін өсімақы есептелмейді.

– Несиені өтеу мерзімі елімізде байланыстың ажыратылуына сәйкес келсе, қаңтар айының соңына дейін ол бойынша айыппұлдар мен өсімақылар есептелмейді, – деп хабарлады «Сбербанк».

Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз! Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтыратын ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp нөміріне жіберіңіз.

 

UPD: 12 қаңтарда «Сбербанк» өз түсіндірмесін толықтырып, айыппұлдар мен өсімақылар байланыс үзілген кезеңде несие бойынша төлем жасай алмағандарға ғана есептелмейтінін хабарлады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button