Фейк: «Филиппин соты Билл Гейтсті тұтқындауға ордер берді»
Әлеуметтік желілерде ауыр қылмыс бойынша филлипин соты Билл Гейтсті COVID-19 қарсы вакциналармен жасалған «қасақана кісі өлтіргені» үшін қамауға алу туралы ордер бергені туралы ақпарат тарады. Бұл өтірік.
Билл Гейтстің қамауға алуға берілген ордер туралы мәлімет Желіде 2023 жылдың наурыз айында шыққан. Бұл ақпарат бірден жоққа шығарылды.
Билл Гейтстің ресми өкілі Factcheck.org порталының тілшілеріне былай деп хабарлады: «Филиппин соты COVID-19 қарсы вакцинаны қолдануға байланысты Билл Гейтсті қамауға алу туралы халықаралық ордер берді деген мәлімдеме жалған».
Сонымен қатар Филиппинде ауыр қылмыс бойынша сот деген жоқ. Демек, ол ешқандай ордер бере алмайды.
Филиппин Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында вакциналар – бұл COVID-19 алдын алудың тиімді және қауіпсіз әдісі екендігі туралы мақалалар бар.
Демек, Филиппин соты Билл Гейтсті тұтқындауға ордер бергені туралы ақпарат жалған.