Fake News

Фейк: «Ағаш отырғызу әлемді жояды»

Қазнетте Билл Гейтс климаттың өзгеруімен күресу үшін ормандарды шабу бағдарламасына демеушілік жасайды деген ақпарат тарады. Постқа тіркелген оның дәйексөзінде ол «ағаш отырғызу әлемді жояды» деген екен. Мұның бәрі өтірік.


Билл Гейтстің ормандарды кесуге демеушілік жасағаны туралы хабарламалар желінің ағылшын тіліндегі сегментінде 2023 жылдың қыркүйек айының ортасында тарады. Пайдаланушылар Microsoft компаниясының негізін қалаушы 280 шаршы шақырымнан астам орманды кесу үшін төлейді деп жазды.
Алайда, фактчкерлер бұл хабарламаны тексерудің нәтижесінде мұның бәрі өтірік екенін анықтады. Шын мәнінде, Билл Гейтс Калифорниядағы тығыз, өрт қаупі жоғары ормандарда ағаштарды кесуге бағытталған Kodama Systems жобасының бірнеше инвесторларының бірі.  Ағаштарды кесу орман өрттерінің ықтималдығын азайтады және ормандарды сақтауға көмектеседі.
Билл Гейтс «ағаш отырғызу әлемді жояды» деп мүлдем айтпаған. Бұл оның The New York Times ұйымдастырған Climate Forward іс-шарасында айтқан сөздерінің бұрмаланған нұсқасы.
Филантроптың сөйлеген сөзінің толық жазбасын The New York Times ресми YouTube арнасынан табуға болады.
Видеоның 18 минут 20 секундынд Гейтс аз қамтылған отбасылар тұратын үйлер үшін электр жылыту қазандықтарын сатып алатынын айтады. Осылайша, адамдар қоршаған ортаға зиян келтірместен жылу төлемдерін үнемдей алады. Сондай-ақ ол күн батареяларын сатып алып, басқа да көптеген «жасыл» бастамаларға демеушілік жасайтынын атап өтеді. Алайда, одан әрі Гейтс климаттың өзгеруімен күресудің дәлелденген әдістерін қолданбайтынын айтады.
«Мен ағаш отырғызбаймын», – деп түсіндіреді ол. –
«(….) Бірақ кейбір адамдар жеткілікті ағаш отырғызылса, онда климаттың өзгеруіне қатысты проблема шешілді деп санауға болады», – дейді сұхбат алушы.
«Бұл сандырақ. Біз ақымақ емес, ғылым адамдарымыз! Біздің кім болғымыз келеді?!» – деп жауап береді Гейтс ағаш отырғызу тақырыбындағы әңгімені аяқтай келе.
Бұл диалогтан ол ағаш отырғызу әлемді жояды деп айтпағанын түсінеміз. Ол ағаш отырғызу арқылы климаттың өзгеруі мәселесін толығымен шешуге болмайды дейді.
Демек, Қазнетте тараған ақпарат – фейк. Билл Гейтс ормандарды шабуға демеушілік жасамайды және ағаш отырғызу әлемді жояды деп ешқашан айтқан емес.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button