Фейк: «Қазақстанда мобильді крематорийлер іске қосылды»
Қазнет қолданушылары мобильді крематорийдің ескі фотосуреттерін қайта таратуда. Бұл жолы онда сурет Қазақстанда түсірілгенін деп жазылған. Бұл жалған.
Суретте өлген адамдардың денелерін өртейтін крематорий емес, ресейлік «Турмалин» компаниясы жасаған «ИН-50.1К» инсинераторы бейнеленген. Ол қауіпті биологиялық қалдықтарды жою үшін арнайы жасалған.
Құрылғы алғаш рет 2011 жылы Ленэкспо көрмесінде ұсынылды. Іс-шараның тақырыбы ірі қалалардың экологиясына арналған болатын.
Содан бері «мобильді крематорий» суреттері Желіде кеңінен тарады, ал қастандық теориясын жақтаушылардың пікірінше, бұл арнайы машиналардың түрлі зиянды қасиеттері бар. Шын мәнінде, инсинератордың ішкі құрылғысының жұмысының видеосын да өндірушінің ресми YouTube арнасынан көруге болады.
Қазақстанда түсірілген деп тараған фотосуреттің елімізге ешқандай қатысы жоқ. Ол 2015 жылы Ресейде санкциялық өнімдерді өртеу туралы мақалаларға немесе билік қайтыс болған әскерилер санын жасыруда деген теорияларға иллюстрация ретінде жарияланған.
Былтыр наурыз айында бұл сурет Желіде қайта таралды, онда мұндай машиналар далада қайтыс боғлан адамдардың денелерін жинайды деп жазылды.
Биыл жазда қазақстандықтар осындай крематорийлерде COVID-19-ға қарсы вакцинациялау нәтижесінде қайтыс болғандардың денелері өртелетіні жазылған осыған ұқсас суретті таратты.
Фейк: «Вакцинация құрбандары үшін мобильді крематорий дайындалды»
Жоғарыда айтылғандардың нәтижесінде, суретте көрсетілген автомобиль ғұрыптық мақсаттарда пайдалануға арналмаған және тек қауіпті биологиялық қалдықтарды жою үшін ғана қолданылады деп қорытынды жасауға болады. Крематорийдің де, оның фотосуреттерінің де Қазақстанға қатысы жоқ. Таратылған фото 2015 жылы немесе одан бұрын Ресейде жасалған.