Fake News

Фейк: «Астанада жедел жәрдем бригадаларының саны қысқарды

Қазнетте Астанада жедел жәрдем бригадаларының саны азайғандығы туралы ақпарат тарады. Мұндай шешімді жедел жәрдем станциясының басшысы Мұрат Оразбаев жеке өзі қабылдаған екен. Бұл жалған. 

 

Станция өкілдерінің айтуынша, елордада бригадалар саны азаймаған.

– Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ КК бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын және жалған болып табылатынын ресми түрде хабарлайды. 2022 жылмен салыстырғанда биыл 15 тәуліктік бригада қосылды. Қауесетке сенбеуге және жалған ақпарат таратпауға шақырамыз. Желідегі бригадалардың саны нормативтерге сәйкес келеді. Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясында барлық қажетті кадрлық және техникалық ресурстар бар, – делінген хабарламада.

Басқа жаңалықтар

Back to top button