Италиялық дәрігер таратқан фейк: бірде-бір дәлел жоқ
Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде италиялық дәрігердің COVID-19 індеті туралы айтқан бейнеролик белсенді таратылып жатыр. Дәрігердің айтуынша, бұл халық санын бақылау бойынша жоспар. Stopfake.kz редакциясы дәрігердің айтқанын тексеріп, оның өмірбаянын қарап шықты.
Терамолық дәрігер Роберто Петрелланың мамандығы – гинеколог. Ол 74 жаста, қазір зейнеткер. Италияда белсенді ковид-диссидент және екпе жасатуға қарсы адам ретінде белгілі. Өткен жылы маусым айында тәртіптік комиссияның шешімімен Адам папилломасы вирусына қарсы екпелердің тиімсіздігі туралы ғылымға қарсы мәлімдемелері үшін Терамо дәрігерлері Орденінен шығарылған.
Бұл туралы италиялық БАҚ-та хабарланған болатын (il Centro).
Бірнеше күн бұрын Роберто Петрелла Facebook-тегі парақшасында COVID-19 – бұл халық санын бақылау және қысқарту бойынша халықаралық жоспар деп айтқан видеосын жариялады. Сондай-ақ оның айтуынша, вирус тасымалдаушылар – бұл «дені сау адамдар» және науқастарды «қоғамға зиянды» деп әдейі сендіреді дейді.
Пайдаланушылар орыс тіліне аударылып, дыбысталған роликті мессенджерлерде таратуда. Дәрігер Петрелла видеода алғашқы минуттардан бастап «Менің тәжірибем бар және құжатым да бар» деп мәлімдейді (бұл жерде және ары қарай видеодағы орыс тіліндегі аударманы келтіреміз).
Бірақ оның бірде-бір айтқан тұжырымы ештеңемен расталмайды – құжаттар, баршаға қолжетімді ғылыми зерттеулерге сілтемелер де жоқ.
Дәрігердің хабарлауынша: «Ковид-19» – жасанды интеллектінің көмегімен егпені сәйкестендіру туралы куәлік сертификаты. 19 саны – бұл вакцина шығарылған жыл. Ковид-19 – бұл аурудың атауы емес, бірақ бұл жер шарындағы халықты бақылау және азайту жөніндегі халықаралық жоспардың атауы».
Бұл мәлімдеме – фейк. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аурудың неге бұлай аталатынын түсіндірген болатын. Бұл «COronaVIrus»» және «Disease» (ағылш. – ауру) сөздерінің бастапқы әріптерінің аббревиатурасы. «19» – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауру туралы хабарлаған жыл.
«COVID-19 – коронавирустар тобындағы ашық вирустардан туындаған жұқпалы ауру. 2019 жылы желтоқсанда Қытайдың Ухань қаласында індет ошағы анықталғанға дейін жаңа вирус пен одан туындайтын аурулар туралы ақпарат болмаған. Қазіргі кезде COVID-19 ошағы індетке айналып, көптеген әлем елдеріне тарады», – делінген ұйымның ресми сайтында.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы түсіндіріп өткендей, вирустардың атаулары «олардың генетикалық құрылымына негізделген, өйткені мақсаты диагностикалау тестілерін, вакциналар мен дәрілер әзірлеуге көмектесу болып табылады».
Дәрігер Петрелла сондай-ақ коронавирус жұқтырған адамдарды «сау адамдар» деп атайды. Оның айтуынша, тесттің оң нәтижесі «оларды қоғам үшін қолайсыз етеді».
Өз кезегінде, біз өз тарапымыздан еске салып өтейік, COVID-19 – қауіпті ауру. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 31 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырған 7 910 адам емделуде, соның ішінде 32-сі – бала, стационарларда – 3 755 пациент, амбулаторлық деңгейде – 4 155 адам.
201 адамның жағдайы ауыр, 35 – аса ауыр жағдайда, 42 – өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. 1588 адам қайтыс болды.
Stopfake.kz редакциясы қолжетімді ресурстардан дәрігер Петрелланың сөзін растайтын бірде-бір құжаттық дәлелдер таппады. Бұл бейнероликте ұсынылған ақпарат – ФЕЙК.
Коронавирус туралы шынайы және ресми ақпаратты мына сайттардан оқуға болады:
ДДСҰ (әлем бойынша);
www.coronavirus2020.kz/ (Қазақстан бойынша).