Fake News

ҚР ЦДИАӨМ 1 қарашадан бастап eGOV.kz-тің «Сбер» алаңына өтуіне қатысты түсінік берді

Әлеуметтік желілерде биыл 1 қарашадан бастап «eGOV.kz» ҚР электрондық үкімет сайты толығымен «Сбер» платформасына өтетіні туралы ақпарат тарады. Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.


Түсініктеме ведомствоның баспасөз хатшысы Мақсат Төлегеновтың Facebook-тегі парақшасында жарияланды.

– Ақпарат шындыққа жанаспайды. Жеке адамдар онымен манипуляция жасауда, сондықтан журналист әріптестерімнен ақпаратты тексеріп, тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенулерін сұраймын: mdai.gov.kz сайтына және министрліктің әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарына. Сондай-ақ, бұған дейін алдын ала мәліметтер жазылған меморандум жарияланды. Меморандум мәтіні «Adilet» нормативтік-құқықтық актілері ақпараттық-құқықтық жүйесі» сайтында баршаға қолжетімді, – деп жазды ол.

Бұрын хабарланғандай, ҚР Үкіметі мен «Сбер» компаниялар тобы арасында жасалған меморандум мемлекеттің ақпараттық жүйелерін сүйемелдеуге арналған бюджеттерді оңтайландыруға мүмкіндік береді. Меморандум қазақстандықтардың жеке деректерін шетелдік компанияға берудің белгісі емес.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button