Fake News

Фейк: «мРНҚ вакциналары COVID-19 жұқтырады»

Әлеуметтік желілерде мРНҚ вакциналарында спайк ақуыздары бар және препарат енгізілген кезде адамға жаңа коронавирус жұқтырады деген ақпарат таратылуда. Бұл мәлімдеме жалған.


COVID-19 қарсы вакциналарда спайк ақуыз жоқ. Спайк ақуыз SARS-CoV-2 вирусының бетінде болады. Бұл вирус жасушаға енуі үшін қажет.

Ал мРНҚ-да вакциналарда (және векторлық екпелерде) тек осы ақуызды кодтайтын ген ғана бар. Мұндай вакциналар ағзаға егілгеннен кейін біздің иммундық жүйемізді спайк ақуыздың өзіндік нұсқасын жасауға үйретеді. Бұл ақуыздың өндірісі қорғаныс антиденелері мен Т жасушаларын шығару процесінің басталуына септігін тигізеді. Ал вирус жұққанда ағза өзін қорғауға дайын болады.
Сонымен қатар, спайк ақуызы өз бетінше вирус тудырмайды немесе өздігінен көбеймейді. Оның үстіне, спайк ақуыздар препарат егілетін дельта тәрізді бұлшықет жасушаларында жергілікті жерде қалыптасады. Содан кейін спайк ақуыздар жасушалардың бетіне шығарылады, онда трансмембраналық аймақ есебінен қалады. Бұл олардың қанағымға өтуіне және ағза бойынша таралуына жол бермейді. Демек, спайк ақуыз адамға зиян тигізбейді.
Бұған дейін вакцинацияға қарсы тұлғалар егілген адамдар спайк ақуызын тарататыны туралы фейк ақпарат таратқан.

Фейк: «Егілген адамдар коронавирустың спайк ақуызын бөліп шығарады»

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button