Fake News

Фейк: «Бұрын масканы құлдар ғана таққан»

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде бұрын масканы құлдар ғана таққаны туралы қастандық теориясын таратуда. Пайдаланушылар пандемия кезінде медициналық маска тағу құлға айналудың белгісі деп жазады. Бұл жалған.


Медициналық маскалардың құлдыққа ешқандай қатысы жоқ. Адамдар шамамен екі мың жыл бұрын тыныс алуды қорғау үшін беттерін матамен жаба бастады. Ежелгі Рим философы Үлкен Плиний зергерлік бұйымдарды реңдеу үшін қолданылған киноварь және сынап сульфидімен жұмыс істеген кезде маска ретінде жануардың қуықтарын қолданған деп жазған.
ХVІІ ғасырда, бубон обасы пандемиясы кезінде де дәрігерлер бетперде таққан. Олар қазіргіден өзгеше болғанымен қолдану мақсаттары біршама ұқсас болды. Ортағасырлық дәрігерлер хош иісті маскаларды тағу ауаны тазартады деп сенген.

1867 жылы британдық хирург Джозеф Листер, бұл аурулар Луи Пастер жақында сипаттаған микроскопиялық тұрғыдан кішкентай тіршілік иелерінің ағзаға енуі нәтижесінде пайда болады деп пайымдаған. 1880 жылдары хирургтардың жаңа буыны асептика стратегиясын жасады, ол ең алдымен микробтардың жараларға енуіне жол бермеуге бағытталды. Содан кейін дәрігерлер маска мен бас киімі бар хирургиялық костюм ойлап тапты, оның қазіргі заманғы киімдерден айтарлықтай айырмашылығы болмаған. 
Құлдар таққан маскалар медициналық бетперделерге мүлдем ұқсамайды. Көп жағдайда оны темірден және өздігінен шешіп тастауға болмайтындай етіп жасаған. Сонымен қатар, мұндай маскалардың ауа кіретін тесіктері болған, демек олар тыныс алу органдарын қорғауға арналмаған. Айта кетейік, құлдарды толық бақылау үшін маскадан басқа қол-аяқтарына металл білезіктер мен қарғыбау тағылған.
Қорыта айтқанда, медициналық маскалар құлдықпен байланысты емес және оны ауадағы зиянды заттардан өзін қорғағысы келген адамдар таққан.
Маска таққан адам құлға айналады деген пікір – конспирологиялық теория. Ол маска тағу ерік-жігерді басады деген тезиске негізделген. Бұл фейкті біз бұған дейін жоққа шығарған болатынбыз.

МАСКА ЕРКІНДІКТЕН АЙЫРАДЫ – БҰЛ РАС ПА?

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button