Fake News

Фейк: «Вакцинацияланған ата-аналардың балалары АҚШ заңына сәйкес «транс адамдар» болып саналады»

Қазнет пайдаланушылары ересек адамның қолында жан-жағына қарап отырған сәбидің видеосын таратуда. Видеода, бұл басқа балалардан ерекше, ата-анасы COVID-19 қарсы егілген сәби және АҚШ Жоғарғы сотының шешіміне сәйкес ол «транс адам» болып табылады деп жазылған. Бұл жалған.


Түпнұсқа видеоны алғаш рет larasaadeddine1 атты пайдаланушы TikTok-та жариялаған. Роликте оның қызы Рэв. Ол 2020 жылы туған егіздің сыңары. Биыл 23 қыркүйекте балалар бірге толды. Парақшада балалардың бірінші туған күнін мерекелеуде түсірілген бейне бар.
Осы аккаунттар егіздердің есейген кездегі басқа да бірнеше видеосы бар, олардан балалардың дені сау және сырттай құрдастарынан айтарлықтай ерекшеленбейтінін көруге болады.
Ата-анасы бала туылғанға дейін КВИ қарсы вакцина алғандықтан видеода көрсетілген қыздың ерекше қабілеттері бар деген теория дұрыс емес.
Pfizer/BioNTech шығарған әлемдегі алғашқы вакцина дозасын 2020 жылғы 8 желтоқсанда британдық Маргарет Кинан алды. Сол кезде бейнероликте көрсетілген сәбидің жасы екі айдан асқан.
Вакцинацияланған ата-аналардан туылған балаларды АҚШ соты транс – адамдар деп таныды деген пікір – конспирологиялық ой. Ол биыл шілде айында AAP басылымы жоққа шығарған фейкке негізделген. Қастандық теориясын жақтаушылар АҚШ Жоғарғы Сотының 2012 жылғы қаулысының бір бөлігін егілген адамдарды гендік модификацияланған деп «тану» туралы шешім ретінде ұсынған. Шындығында, сот қараған істің вакцинацияға қатысы болмаған. Ал COVID-19 да, осы ауруға қарсы вакциналар 2012 жылы беймәлім болған.
КВИ қарсы вакциналар ДНҚ-ны өзгерте алады деген фейктерді біз бірнеше рет жоққа шығардық.

Фейк: «COVID-19 қарсы вакцина ДНҚ өзгертеді, ал миллиардерлер екпе жасатқан адамдарды патенттейді»

Демек, видеода көрсетілген қыздың анасы жүкті болғанда КВИ қарсы екпе алмаған, өйткені 2020 жылдың қыркүйегінде нәресте дүниеге келген кезде иммундауға арналған препараттар әлі де клиникалық сынақтардан өтіп жатқан. Оған жүкті әйелдер қатысқан жоқ.
Вакцинацияланған адамдар да, олардың балалары да транс адамдар емес. АҚШ Жоғарғы Соты мұндай шешім шығармаған. Вакциналар ДНҚ-ны өзгертеді деген теория – конспирологиялық және ғылыми фактілерге қайшы келеді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button