Фейк: «Жұқпалы аурулар бөлімшелерінде вакцинацияланған балаларға арналған төсек-орындар дайындалды»
What ‘ sApp мессенджерінде балаларға арналған жұқпалы аурулар бөлімшелерінде төсек-орындар дайын екендігі туралы аудио хабарлама таратылуда. Автордың айтуынша, олар мектептерде вакцина шашқаннан кейін қажет болады, балалар жаппай ауырып, өле бастайды. Бұл фейк.
Бұл ақпаратты Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарды.
– Балаларға арналған қосымша инфекциялық төсек-орындар дайындау туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бүгінгі таңда, керісінше, КВИ-мен сырқаттанушылықтың төмендеуіне байланысты жұқпалы аурулар стационарлары жабылуда. Сондай-ақ, бөлмеде бүрку арқылы қолданылатын вакцина жоқ, – деді ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.
Бұл ата-аналар арасында дүрбелең туғызған дыбыстық хабарламалар бұған дейін де тараған болатын. Біз Тараз және Шымкент қалаларында балаларды белгісіз бағытта эвакуациялап, ауызына тамызу арқылы егетіні туралы фейкті жоққа шығардық.
Фейк: «Шымкент пен Таразда балаларды мектептен белгісіз бағытта эвакуациялайды»