Fake News

Фейк: «Доктор Рошаль коронавирус пандемиясына назар аудармауға шақырды»

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде танымал ресейлік дәрігер Леонид Рошаль туралы жалған хабарлама таратылуда. Мәтінде дәрігер бір жарым жыл бұрын COVID-19-ды «назар аударуға тұрмайтын нәрсе» деп атаған. Бұл жалған.


Леонид Рошаль – жедел балалар хирургиясы және травматология ғылыми-зерттеу институтының президенті. Қазнет қолданушыларының пікірінше, ол COVID-19 – бұл назар аударуға тұрмайтын нәрсе деп айтқан. Шындығында, ол мұндай ештеңе айтпаған.
Айта кетейік, Ресейде коронавирус жұқтырудың алғашқы жағдайлары 2020 жылдың қаңтар айының соңында тіркелді. Науқастар- Түмен мен Читаға келген екі Қытай азаматы. Екі жағдай да оларды оқшаулап, аурудың таралуын болдырмау мүмкін болды. Науқастар боксқа жатқызылды, ауру жеңіл түрде өтті. Келесі жағдай тек 2020 жылдың 2 наурызында Мәскеуде анықталды.
Осылайша, өткен жылдың басында COVID-19 Ресей тұрғындарына әлі үлкен қауіп төндірмеген еді.
2020 жылдың ақпан айында Леонид Рошаль елде аурумен күресу үшін қажетті шаралар қабылданғанын хабарлады, сонымен қатар, адамдарды дүрбелеңге түспеуге шақырды, бірақ биліктің жаңа вирустың қауіптілігін төмендетіп жатпағанын атап өтті. 
Былтыр үшінші наурызда Леонид Рошаль COVID-19 тұмаудан қауіпті емес деп мәлімдеді, бірақ ол кезде ауру Ресейде әлі таралмаған болатын. Алдағы бір жарым жылда 177 614 адам осы аурудан көз жұмады деп ешкім ойламаған еді.
Дәрігер өз сөзінде ауруға назар аудармауға және алдын алу шараларын елемеуге шақырмаған. Керісінше, сырқаттанушылық артқан сайын Леонид Рошаль бұқаралық ақпарат құралдары арқылы азаматтарға бетперде тағуға, қажет болған жағдайда оқшаулау режимін сақтауға және әлеуметтік қашықтықты сақтауға кеңес берді. 
КВИ қарсы вакциналар әзірленген соң доктор Рошаль адамдарды егілуге шақырды. Екпе алу қажеттігі және пандемиямен күрестегі вакцинацияның маңызды рөл атқаратыны жайлы да ол БАҚ- та айтқан.
Рошаль сұхбаттарының бірінде КВИ қарсы үш рет егілгенін мәлімдеген. Ол «Спутник-V» вакцинасының екі компонентін алғанын содан кейін «Спутник Light» препаратымен қайта вакцинацияланғанын айтты.
Демек, Қазнетте тараған мәлімдеме ішінара жалған болып табылады. Леонид Рошальдің үш рет егілгені рас, бірақ ол COVID-19 «назар аударуға тұрмайтын нәрсе» деп атамаған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button