Fake News

Фейк: «Алматы маңында химикаттар шашудың іздері байқалды»

Қазақстандықтар тағы да «химтрейлдер» – ұшақтардан химикаттар шашудың іздері туралы хабарлауда. Оларды Алматы мен Заречное ауылының арасында көкте Telegram – чаттардың бірінің қатысушысы байқаған. Бұл тұжырым қастандық теориясының белгілері бар фейк.


Хабарламаның авторы түсірген фотосуретте бұлттар мен ұшақтың инверсиялық ізі көрінеді.
Инверсиялық із – бұл әдетте шамамен 10 км биіктікте ұшатын ұшақтың қозғалысы кезінде су буынан конденсацияланатын мұз бөлшектері. Ол ұдайы болмайды, тек әуе кемесі температурасы төмен және ылғалдылығы жоғары бұлттарда ұшқанда ғана. Ауа райы жағдайына және ұшу биіктігіне байланысты инверсиялық іздер жерден 24 сағат бойы көрініп, ұзындығы 150 км-ге дейін жетуі мүмкін.
Инверсиялық іздер формасы әртүрлі болуы мүмкін. Бұл ұшақтардың қанаттарынан пайда болған шеткі құйындарға байланысты. Шеткі құйындар – бұл әуе қанатының жоғарғы және төменгі беттеріндегі қысымның айырмашылығына байланысты пайда болатын ауа ағындарының бұралуы. Бұл құйындар ұшақтың жылдамдығына, бағытына және маневрлеріне байланысты инверсиялық іздердің пішінін өзгертеді. Сондай-ақ, инверсиялық іздердің түрі ұшақ қозғалтқыштарының санына байланысты болуы мүмкін.
Химтрейлдер теориясы бұрыннан бар, бірақ ол COVID-19 пандемиясы басталғалы аса танымал болуда. Ғалымдар қастандық теориясына деген қызығушылық толқынын өлімге әкелетін ауру, локдаун және карантиндік шектеулерден туындаған алаңдаушылық пен стресстің артуымен байланыстырады. 
Ұшақтардың вирустарды, уларды, ауыр метал тұздарын және басқа да химикаттарды аспаннан шашатынына ешқандай дәлелдер жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button