Фейк: «Амигдалин (В17 дәрумені) қатерлі ісік ауруын емдейді»
Қазақстандық әлеуметтік желілерде қатерлі ісікті амигдалинмен емдеуге болатындығы туралы ақпарат тарады. Шын мәнінде, құрамына осы зат кәретін препараттар онкологиялық ауруларға қарсы тиімсіз, сонымен қатар денсаулыққа қауіпті.
Амигдалин – бұл кейбір тағамдарда, мысалы, бадам немесе өрік тұқымдарында кездесетін табиғи қосылыс.
1950 жылдардың басында амигдалин және оның туындысы Лаэтрил Америкада «Лаэтрил» және «В17 дәрумені» деген атаумен шығарылды. Бірақ бұл препараттың дәрумендерге ешқандай қатысы жоқ. Бұл америкалық медициналық препараттар туралы заңдарды айналып өту үшін жасалды.
Олар қатерлі ісікке қарсы дәрмек ретінде жарнамаланды. Бірақ біраз уақыттан кейін АҚШ пен Еуропа елдерінде тыйым салынды, өйткені зерттеулер олардың тиімсіздігі мен қауіптілігін көрсетті.
Амигдалин (Лаэтрил, «В17 дәрумені») адам ағзасына енген кезде цианид сутегіне айналады, бұл жасушаларға оттегін қолдануға мүмкіндік бермейді. Цианидпен улану жүрек айну, бас ауруын тудыруы мүмкін, оттегі жетәспеушілігіне, бауырдың зақымдалуына, комаға және өлімге әкелуі мүмкін.
Ғылыми және медициналық қауымдастық, атап айтқанда АҚШ-тың Азық-түлік және мен дәрі-дәрмектің сапасын бақылау басқармасы, америкалық онкологиялық қоғам және америкалық медициналық қауымдастық амигдалинді қатерлі ісікке қарсы құрал ретінде жоққа шығарады.