Fake News

Манипуляция: «Бразилия «Спутник-V» вакцинасын қолдануға тыйым салды, өйткені одан «көбейетін вирус табылған»

Мессенджерлерде Қазақстанда қолданылып жатқан «Спутник V» вакцинасы Бразилияда қауіпті деп танылғаны туралы «жаңалық» таралуда. Ел билігі онда көбеюге қабілетті вирус бар екенін айтып, оны қолдануға тыйым салған екен. Бұл манипуляция.


Бразилия билігі ресейлік вакцинаны қолданудан бас тартқаны туралы жаңалық осы жылдың сәуірінде шыққан. Ол кезде Бразилияда шынымен де осы препаратты қолданудан бас тарту туралы шешім қабылданды, бірақ бұған одан анықталған себеп көбейетін вирус емес, деректердің жетіспеушілігі болды.
Кейін Бразилия билігіне вакцина туралы барлық ақпарат ұсынылды. Ал маусым айының басында «Спутник-V» елде қолдануға мақұлданды деп жария етілді. 
Бүгінгі таңда препарат Бразилияда басқа алты вакцинамен қатар қолданылады: Pfizer/BioNTech, Janssen, AstraZeneca, Covishield, BBIBP-CorV және CoronaVac.
Айта кетейік, олардың төртеуі «Спутник-V» сияқты аденовирустық вектор негізінде әзірленген.
«Спутник-V» вакцинасының құрамында көбеюге қабілетті вирустар жоқ. Препаратты жасау кезінде қолданылған аденовирус векторы көбейе алмайды. Вакцинада Sars-CoV-2 вирусы жоқ, оның құрамында спайк-ақуыз бар, ол да көбею мүмкіндігінен айырылған.
Препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі клиникалық зерттеулердің нәтижелерімен расталады.
Демек, Бразилия билігі «Спутник-V» вакцинасын қолдануға тыйым салды деген хабарламалар манипуляция. Бүгінгі таңда бұл вакцина елде тіркелген басқа препараттармен бірге қолданылуда. Оның құрамында көбеюге қабілетті вирустар жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button