Fake News

Фейк:«ДДСҰ 1972 жылы вакцина түрінде биологиялық қару ұсынды»

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ДДСҰ 1972 жылы вакцина түрінде биологиялық қару әзірлеуді ұсынды деген хабарлама тарады. Құрамы әр түрлі үш дозадан тұратын препарат әлем халқының көп бөлігін өлтіруге арналған.«Дәлелдеме» ретінде Татьяна Грачеваның «Билікті Құдай бермегенде» атты кітабындағы парақтың суреті ұсынылуда. Бұл хабарлама — фейк және конспирология.


Татьяна Грачева – бірнеше кітаптың авторы, олардың көбі қастандық теориялары мен антисемиттік идеяларды танымал еткені үшін қатты сынға ұшырады.
Оның Билікті Құдай бермегенде» кітабы 2011 жылы жарық көрді. Автор 320 бетте әлемдік үкімет, жаңа бірыңғай валюта, Ватиканның КСРО-ға крест жорығы, тұмауға қарсы вакциналардың қауіптілігі және жаппай вакцинация арқылы чиптеу туралы әңгімелейді.
10 жылдан кейін бірыңғай әлемдік валюта да, ешқандай біртұтас әлемдік үкімет те құрылған жоқ. Сондай-ақ, Ватиканның КСРО-ға крест жорығы туралы да мәлімет жоқ, ал вакцинация арқылы чиптеу біз бұған дейін бірнеше рет жазған қастандық теориясы болып қала береді. 

Адамдарды чиптеу: шынайылық пен қиял

Алайда, барлық осы қастандық теориялары COVID-19 пандемиясы басталғалы қайта танымал болды. Атап айтқанда, қазір Қазнеттің кейбір қолданушылары КВИ – ға қарсы вакциналар жаппай қырып-жоятын қару деп санайды. Бұған «дәлел» Грачеваның кітабынан табылып отыр. Олар ДДСҰ сайтында жарияланған 1972 жылғы зерттеуге сүйенеді. Автордың айтуынша, онда вакцина түрінде биологиялық қару жасау механизмі сипатталған.
Зерттеу ДДСҰ сайтында қазір де қол жетімді. 
Онда «қару»,«Вакцина» және «СПИД» сөздері мүлдем кездеспейді. Ол вирустық аурулардың жануарларға әсерін зерттеуге және осы бақылауларды адамдарда ауруларды түсіну және емдеу үшін қолдануға арналған. Онда ешқандай биологиялық қару және вакцинация арқылы иммунитетті басу туралы айтылмайды.
Сонымен қатар, қазір қолданылатын COVID-19 қарсы вакциналар Татьяна Грачева “болжағандай” үш емес, екі кезеңмен енгізіледі.
Олардың құрамында чиптер де, ақ қан бқлшектері де, адамның иммундық жүйесін мәңгілікке «басатын» басқа компоненттер де жоқ.
Олардың құрамымен толығырақ мына жерден танысуға болады:
Pfizer/BioNTech;
Moderna;
Janssen;
Astra-Zeneca;
Sputnik – V;
Hayat-Vax (Sinopharm);
QazVac.

Қорыта айтқанда, Қазнетте таратылған ДДСҰ 1972 жылы вакцина түріндегі биологиялық қаруды таныстырғаны туралы хабарлама фейк. Бұл тұжырымның авторы – Татьяна Грачева, қастандық теорияларына арналған кітаптардың авторы. Ол сілтеме жасаған құжатта “қару” немесе “вакцина”деген сөздер жоқ. Грачева жазғандай, COVID-19 қарсы вакциналардың құрамында ақ қан бөлшектері де, адамның иммунитетін басатын басқа компоненттер де жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button